"Бәрі жақсы": Іздеу жарияланған блогер Қайсар Қамза мәлімдеме жасады
Фото: https://www.instagram.com/qais_arr
Екі күн бұрын іздеу жарияланған танымал қазақстандық блогер Қайсар Қамза әлеуметтік желідегі парақшасына сурет жүктеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер тамақтанып отырған сәтінің суретін жариялаған. Сондай-ақ кадрдан оның ішімдік ішіп отырғанын байқауға болады.
“Бәрі жақсы”, – деп жазған ол.

Мән-жайы
Айта кетейік, бұған дейін миллион аудиториясы бар қазақстандық блогерге іздеу жарияланғаны хабарланған еді.
Ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған.
Мәліметке сәйкес, 1995 жылғы 18 қыркүйекте туған Қамза Қайсар Бақытжанұлына іздеу 10 қаңтарда тіркелген. Іздеу шараларын Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта іс бойынша өзге ақпарат жарияланған жоқ.
Айта кетейік, блогердің Instagram желісінде 2,4 миллионнан астам, ал TikTok-та 340 мыңнан аса жазылушысы бар. Ол контентін көбіне Қазақстаннан тыс жерде жүріп жариялайды. Қайсар Камза өзін тревел-блогер ретінде таныстырады, сондай-ақ қазақстандық кино жобаларға да қатысқан.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде оның Үндістанға сапары кезінде түсірілген видеолары кеңінен талқыланған. Кадрларда блогердің балағат сөздер қолданғаны және жергілікті тұрғындарға агрессивті мінез көрсеткені байқалып, бұл пікірталас тудырған.
Сонымен қатар Қайсар Камзаның аты бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында аталған. Ол кезде ведомство заңсыз онлайн құмар ойындарын жарнамалауға қатысы бар 34 блогерді анықтағанын мәлімдеген еді.
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті