"Бәрі келісті": Трамп ультиматумның аяқталуына екі күн қалғанда Путинмен келіссөз өткізген

Фото: Getty Images
Америка президенті Дональд Трамп Truth Social желісіндегі парақшасында өзінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин арасындағы келіссөздің нәтижесі туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Трамп Стив Уиткофф пен Путиннің арасындағы келіссөздің “өнімді” болғанын айтты.
“Менің арнайы өкілім Стив Уиткофф Ресей президенті Владимир Путинмен өте тиімді кездесу өткізді. Айтарлықтай ілгерілеу бар. Осыдан кейін мен кейбір еуропалық одақтастарымызды бұл жөнінде хабардар еттім. Барлығы бұл соғысты тоқтату қажет деген пікірде және біз алдағы уақытта осы бағытта жұмыс істейміз”, – деп жазды Трамп.
Путин АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Уиткоффтың Ресейге сапары туралы хабарлап, онымен кездескенін айтты. Ол екеуара өткені келіссөздің нәтижесі “жағымды не жағымсыз мәлімдемелермен аяқталуы мүмкін” екенін жоққа шығармады.
Рубионың айтуынша, Америка жақында Ресейге қарсы санкциялар бойынша шешім қабылдайды.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"
"Ауырып қалса, біз жауаптымыз": Қазақстандық мұғалімдер оқушылардың ауыз бекітуіне қарсы шықты
Ал педиатр оқушының ағзасы дамып жатқан ағза, оған су, ақуыз, көмірсу мен май жеткілікті болуы керек дейді