"Бәрі бітті": Жахан Отарғалиев желідегі жазбасымен оқырмандарын алаңдатты
Блогер, актер Жахан Отарғалиевтың әлеуметтік желідегі жазбасы жұртты ойландырып қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер парақшасында Instagram-да Балжанмен түскен видеоны жариялап “Бәрі бітті” деген жазба қалдырды.

Жахан мен Балжан әлеуметтік желіде бір-бірін достар қатарынан алып тастаған. Сондай-ақ блогердің Балжанмен бірге түсен суреттері мен видеоларын парақшасынан өшіріп тастағанын байқауға болады.
Желі қолданушыларының бірі мұндай шешімге келген Балжан үшін қуанышты екенін жазса, енді бірі мұны кезекті хайп деп қабылдады.
“Бұл рас болса, Балжан үшін қуаныштымын”, “Жахан желіге салса, Балжан тіпті жариялаған жоқ”, “Ол Балжанға лайық емес”, “Жаханға қалай тұрмысқа шығы жүр?”, “Қыркүйекте кино шығады. Соның алдындағы дауыл ғой”, “Хайп керек”, “Киносы өту үшін жасап жатыр”, – деп жарыса жазды желідегілер.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті