"Бәрі біткенде топырлап жүр": Меруерт Түсіпбаева Талғардағы қанды оқиғаға полиция қызметкерлерін айыптады
Фото: Видеодан скриншот
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Меруерт Түсіпбаева Талғарда ер адамды өлтіріп, 2 жасар қызды ұрлап кеткен оқиғаға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік, Талғарда ер адамға оқ атып өлтіріп, екі жасар қызын ұрлап кеткен еді. Кейіннен бүлдіршін аман-есен табылып, күдікті қолға түскен. Сотталушы қамауға алынып, оның қылмыс үшін қолданған қаруы тәркіленді. Ал өзі қамауға алынды.
“Бұл не сұмдық?! Полицияның қолына ұстап берген қылмыскерді босатып жіберген. Адам өлімі болғаннан кейін, кішкентай сәбиді бопсалағаннан кейін іске кірісіп жатыр. Бәрі біткен соң, топырлап жүргендері ыза тудырады. Неткен сорлылық?!”, – деп жазды әнші.
-
Талғардағы төтенше жағдай: Прокуратура полицияға қатысты іс қозғады
-
Талғарда ер адамды өлтіріп, 2 жасар қызды ұрлап кеткен күдікті қолға түсті
Еске салайық, қанды оқиғаға қатысқан кішкентай сәбиге ота жасалғанын жазған едік.
Оқиғаның мән-жайын заңгер Гаухар Сарыева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
“Операция қазір аяқталды. Қыздың тіліне сегіз тігіс салынды. Операция сәтті өтті. Күдікті қызбен бірге, көлікпен жардан құлап кеткен. Ол қызға тиіспепті. Көрер жарығы бар екен”, – деп жазды адвокат.
Айтуынша, бүлдіршін көлікпен жардан құлаған сәтте түрлі дене жарақатын алған.
Күдікті ұрлап кеткен қыздың анасы – мейіргер. Ағасын өлтіріп, қызын ұрлап кеткен сәтте ол көршінің үйінде қатерлі ісікпен ауырып жатқан науқасқа дәрі егіп жатқан.
“Қылмыскер әйелді және баласын алып кету үшін келген болса керек. Егер сол сәтте әйел үйде болғанда не болатынын елестете де алмаймын”, – деп жазды Сарыева.

Министр Нұртілеуді ұстады деп жалған ақпарат таратқан Orda.kz құрылтайшысы кім және оны қандай жаза күтіп тұр?
