Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Банкідегі тұздалған тағамдар неге зиян?

Тұздалған қиярларды жеу маусымы басталды. Онымен қоса ботулизм дерті де арта бастайды. ОҚО-да қараша айының өзінде тұздалған қиярдан уланған 4 адам өлім аузында жатыр. Олардың бәрі үй жағдайында тұздалған қияр жеген.

0_fd170_ebcef66a_orig

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

74 жастағы Людмила Сергеевна ботулизм дертінің не екенін жақсы біледі. Жақындары осы дертке шалдығып, әзер аман қалыпты. Қуанышқа орай, олардың бәрі қазір дін аман. Осыдан бастап ол қиярларды аса сақтықпен тұздап, банкіге жабатын болған.

«Алдымен банкіні щеткамен ысқылап әбден тазартып жуу керек. Қақпағын зазарсыздандыру керек», – дейді Шымкент тұрғыны Людмила Сергеевна.

Қиярды тұздап банкіге дұрыс жаппаған жағдайда ботулизм дертіне шалдығу қаупі бар. ОҚО-да бір айда 12 адам қиярдан уланып емханаға түскен. Олардың төртеуі әлі де жазылған жоқ. 11-сынып оқушысы бір айдан бері ессіз күйде жатыр.

«Әдетте адамдар тұздалған қияр жеп уланады. «Лечо» салатынан, сацибелиден, қышқыл томат шырынынан уланып жатады», – дейді ОҚО тұтынушылар құқын қорғау департаментінің маманы Қызбек Зекенов.

Ботулизм – өте ауыр жұқпалы ауру. Оның салдарынан адамның жүйке жүйесіне зақым келеді. Адамның аузы кеуіп, әлсіздік пайда болады. Көз көруі нашарлайды. Тамақты әрең жұтып, тыныс алуы нашарлап кетеді. Осындай белгілерді байқаған жағдайда өз бетінше ем қабылдамай, дереу медициналық көмекке сүйенген жөн.

«Адам бастапқыда уланғанынбілмеуі мүмкін. Алғашқы белгілері 5 күнге дейін байқалмайды», – дейді дәрігер Гүлзипа Асубаева.

Ботулизмге шалдықтыруы мүмкін тағам түсін, иісін, түрін өзгертпейді. Адамдардың оның бұзылғанын білмей тұтынуы да сондықтан.

Уланбас үшін тағамдарды дұрыс таңдай білу жолдары да бар. Бейтаныс адамның қолынан үйде жасалған тағамдарды сатып алмаңыз. Қақпағы қисайған банкадағы тағамдарды алмаңыз. Егер консервант ішінде сұйықтық жүрсе, маринад не шырын, қауыздар жүрсе оларды жеуден бас тартыңыз.

Жіберіп алмаңыз:

Жөргек қаттамаларының балаға пайдасы мен зияны қандай

Аяқ сүйегі өспеу үшін үй жағдайында қолданылатын әдістер

Қазақстандық ғалымдар қымыздың адам өмірін ұзартатынын дәлелдеді

Егер осы 9 белгінің бірін байқасаңыз, онда жедел түрде ағзаңызды тазартыңыз

Талқылау