Bank RBK Жетісу облысына сұйытылған газ жеткізілімін арттыруға қолдау көрсетті

Bank RBK Жетісу облысының жүйе құраушы кәсіпорны саналатын "Жетісу газ құбыры" корпорациясының өндірістік қуатын кеңейту және жаңғырту жобасын қаржыландырды. Кәсіпорын өңір тұрғындарын тұрмыстық газ баллондарындағы сұйытылған газбен қамтамасыз етеді. Банктің несиелік қолдауы газ жеткізілімінің сенімділігін арттыруға, өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін күшейтуге және тұрғындар үшін газдың қолжетімділігін жақсартуға бағытталған.
Баллондағы газ магистральдық газ жүйесі жоқ көптеген елдімекен үшін әлі де маңызды ресурс болып отыр. Қазірдің өзінде "Жетісу газ құбыры" корпорациясы газдандырылмаған 125-тен астам ауылдық елді мекенге сұйытылған газ жеткізеді. Көптеген аумақ үшін ол – тұрғындардың тұрмыс сапасына, әлеуметтік нысандардың жұмысына және шағын бизнес қызметіне тікелей әсер ететін базалық инфрақұрылым. Осы жобаны қолдау арқылы Bank RBK өңірдің тұрақты дамуына және халықтың күнделікті қажеттіліктеріне қатысты әлеуметтік мәселелерді шешуге үлес қосып отыр.
Осылайша, кәсіпорын ай сайын цистерналармен 500-600 тонна көлемінде әлеуметтік сұйытылған газ алады. Bank RBK ұсынған несие қаражаты есебінен компания жеткізілім көлемін шамамен екі есе арттырып, айына 1 000-1 200 тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.
Сөйтіп тұрғындар тарапынан өсіп келе жатқан сұранысты, соның ішінде сұйытылған газды отын ретінде пайдаланатын автокөлік иелерінің қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Bank RBK басқарма төрайымы Наталья Акентьева банктің өңірлер үшін маңызды әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды қолдауды жалғастыратынын атап өтті.
"Отандық өндірісті қолдау және халыққа қамқорлық жасау – Bank RBK қызметінің негізгі басымдықтарының бірі. Біз өңірлер үшін маңызды әрі адамдардың өмір сапасына тікелей әсер ететін жобаларды жүйелі түрде қолдап келеміз. "Жетісу газ" газбен жабдықтау кәсіпорнын қаржыландыру – әсіресе мұндай инфрақұрылым шешуші рөл атқаратын өңірлерде тұрғындардың қауіпсіздігіне, тұрақтылығына және ертеңгі күнге деген сеніміне қосылған үлес", – деді Наталья Акентьева.
"Жетісу газ құбыры" корпорациясы нарықта 60 жылдан астам уақыт жұмыс істейді және дат өндірісіндегі еуропалық стандартқа сай бірегей газ құю технологиялық желісіне ие. Мұндай желі газ баллондарын толық цикл бойынша қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Жоба аясында 10 мыңнан астам тұрмыстық баллонды жөндеу және ауыстыру жоспарланған. Баллондардың клапандары міндетті түрде ауыстырылып, герметикалығы тексеріледі, сырланып, штрихкод қойылады. Бұл өнеркәсіптік әрі тұрмыстық қауіпсіздік деңгейін едәуір арттырады.
Bank RBK қаржыландыруы газ толтыру станциясын жаңғыртуға, арнайы автопаркті жаңартуға және өндірістік қуатты кезең-кезеңімен кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жоба аясында 45 жаңа жұмыс орны ашылып, бұл Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосымша серпін береді.
"Жетісу газ құбыры" басқарушы директоры Аслан Ахметжанов жобаның жүзеге асуы кәсіпорынның өндірістік қуатын арттырып, тұрғындарды газбен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтты.
"Bank RBK-мен ынтымақтастық бізге инвестициялық жоспарларды қысқа мерзімде жүзеге асыруға кірісуге мүмкіндік берді. Банктің қаржылық қолдауы өндірістік мүмкіндіктерді кеңейтуге, жабдықтар мен логистиканы жаңғыртуға, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған. Бұл – дамуымыздағы маңызды кезең. Соның арқасында Жетісу облысының тұрғындарын аса қажетті ресурс, яғни сұйытылған газбен бұрынғыдан да тұрақты қамтамасыз ете аламыз. Көрсетілген қолдау үшін Bank RBK-ға алғыс білдіреміз және алдағы уақытта да нәтижелі ынтымақтастыққа сенім білдіреміз", – деді Аслан Ахметжанов.
Bank RBK өкілдері нақты секторды, әлеуметтік маңызы бар және инфрақұрылымдық жобаларды қолдау банк стратегиясының басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Бұл бағыт Қазақстан өңірлерінің тұрақты дамуына және халықтың өмір сапасын арттыруға арналған.
ҚНРДА берген 05.04.2021 ж. № 1.2.100/245/41 лицензиясы бар.
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады