Bank RBK несие портфелінің өсімі бойынша көш бастады

Қазақстан банктерінің несие портфелі биыл 1 қарашада 42 триллион теңгеден асып, бір айда тағы 1,1% немесе 459,6 миллиард теңгеге өскен. Бұл туралы Ranking.kz агенттігі Ұлттық банктің деректеріне сілтеме жасап хабарлады. Сонымен қатар 23 екінші деңгейлі банктің ішінен тек 14-і ғана өсім көрсеткен, олардың ішінде несие беруші банктердің үздік ондығына кіретін 7 қаржы институты бар.
Айлық өсім бойынша абсолютті көшбасшы – Bank RBK. Банк несие портфелін бірден 14,7%-ға арттырып, 1,59 триллион теңгеге жеткізді. Құндық мәнде өсім 203,8 миллиард теңге. Бұл бүкіл сектор бойынша рекорд. Жыл басынан бері банктегі несие портфелінің өсімі 41,7%-ға жеткен, ал сектордағы орташа өсім небәрі 17,4%.
Айта кетейік, Bank RBK портфелінің сапасы жақсарған: биыл 1 қарашадағы жағдай бойынша мерзімі 90 күннен асқан несиелердің (NPL 90+) үлесі небәрі 4,2% болды, бұл бір ай бұрынғы 4,6%-бен салыстырғанда төмен. Бұл қаржы институтының тиімді жұмысын ғана емес, оның тұрақтылығы мен орнықтылығын, сондай-ақ сауатты несие саясатын көрсетеді.
Банктың қаржылық тұрақтылығына тағы бір дәлел – қарашада Bank RBK 176,8 миллиард теңге мемлекеттік көмекті толық әрі мерзімінен бұрын өтеуі. Осылайша банк сауықтыру бағдарламасына қатысуын белгіленген мерзімнен жеті жыл бұрын аяқтады. Бұл шешім қаржы институтының жоғары өтімділігін, жауапкершілігін және жұмысының тиімділігін айқын көрсетті.
Еске салсақ, Bank RBK тек халыққа әртүрлі салаларда тиімді несие беріп қоймай, кәсіпті де белсенді қолдайды. Сондай-ақ экономиканың маңызды салаларындағы кәсіпкерлерді қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысады. Мысалы, басқа банктер мен қаржы институттарымен қатар, Bank RBK “Даму” қоры арқылы шағын және орта бизнесті қолдайтын мемлекеттік бағдарламаларға әртүрлі қаржылық құралдармен (несие беру, кепілдік беру және т.б.) белсенді қатысады.

Айта кетері, Қазақстандағы несие беру нарығы жоғары концентрациямен ерекшеленеді. Биыл қазан айының қорытындысы бойынша несие портфелінің 92%-дан астамы, яғни 38,7 триллион теңге ең ірі 10 несие беруші банктің еншісінде. Топ-10 банктің портфелінің айлық өсімі 1%-ға тең. Ал елдегі қалған банктерге несие портфелінің 7,9%-ы, яғни 3,3 триллион теңге тиесілі болды, айлық өсім 2,3%.
Анықтама үшін: бір жылда ҚР екінші деңгейлі банктерінің несие портфелі 24,6%-ға өскен, бес жылда — 1,7 есе, ал он жылда — 2,9 есе артқан.

ҚНРДА берген 05.04.2021ж № 1.2.100/245/41 лицензия
"Акушерге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады