Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Bank RBK активтердің өсімі бойынша рейтингте көш бастады

Биыл қараша айына қарай қазақстандық банктердің активтері 58,5 триллион теңгеге жетті. Бұл бір ай бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,6%-ға артық. Көрсеткіштің жылдық өсімі 20,8%-ды құрады. Айлық динамикада активтерді ұстаушы үздік ондықта 5 екінші деңгейлі банк болса, жалпы сектор бойынша тек 9 банк өсім көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ranking.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ұлттық банктің деректеріне сүйенсек, айлық өсім бойынша көшбасшы 3,8% өсім, 2,3 триллион теңгеге дейінгі көрсеткішпен Bank RBK болды. Бір жыл ішінде банк активтері бірден 28,1%-ға көтерілді. Бұл сектор бойынша ең маңызды көрсеткіштердің бірі. Осы уақытта Bank RBK несие портфелі 1,3 триллион теңгеге жетіп, бір айда 0,9% - ға және бір жылда 38% - ға өсті. Банктің жалпы несие көлеміндегі 90+ күнге кешіктірілген NPL үлесі бар болғаны 3,1%-ды құрады, бұл өткен жылғы 3,3%-дан төмен. 

Айта кетейік, биыл күзде Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі Bank RBK-ның ұзақ мерзімді депозиттік рейтингін Ba3-тен Ba2-ге дейін көтеріп, болжамын "тұрақты" деп бағалады. Ал негізгі несиелік балды (BCA) b1-ден ba3-ке дейін көтерді. Агенттік сонымен қатар, банктің қысқа мерзімді рейтингтерін растады. Яғни активтер сапасы айтарлықтай тұрақты жақсарған. Банк ірі корпорациялар мен тәуекелі төмен бөлшек саудаға несие беру арқылы тәуекелі төмен модельді ұстанады. Агенттік бұл стратегияны да оң бағалады. 

Сонымен қатар, еліміздің екінші деңгейлі банктерінің жиынтық несие портфелі қараша айына дейін 33,8 триллион теңгеге жетті. Бұл бір ай бұрынғыға қарағанда 1,2%-ға және бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 20,4%-ға артық. Ал 90 күннен астам кешіктірілген төлемдері бар несиелердің үлесі өткен жылдағыдай 3,3% құрады.

Қазақстан Республикасы Қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігі 05.04.2021жылы берген № 1.2.100/245/41 лицензиясы.

Талқылау