Bank RBK ABR холдингінің Food tech стратегиялық серіктесі болды
Bank RBK Қазақстанның жетекші ABR холдингінің үлесін сатып алғанын мәлімдеді. Бұл әріптестік food tech пен fintech шешімдерінің тоғысқан нүктесінде инновациялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру үшін стратегиялық серіктестік.
Бұл жоба банктің қаржылық ұйымның клиенттеріне өмірінің әртүрлі салаларына құндылық әкелетін өзінің цифрлық lifestyle-экожүйесін құру стратегиясын жүзеге асырудағы қадамдарының бірі болды.
Холдингтің жалпы құны 120 миллион АҚШ доллары деңгейінде бағаланып, инвестиция туралы шешім қабылданды.
Бұл келісім Қазақстан нарығы үшін ерекше оқиға. Сонымен қатар, food tech саласында толыққанды lifestyle экожүйесін құратын компания мен ірі қаржы институтының алғашқы серіктестігі болмақ.
Мәміле ABR-ға қаржылық ресурстар мен Bank RBK-ның озық технологияларын пайдалану арқылы бизнесін кеңейтуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде, банк abr+ қосымшасының инновациялық сервистерін өз цифрлық экожүйесіне интеграциялау арқылы клиенттермен қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығаруды көздейді.
Ынтымақтастық екі компанияның клиенттері үшін бірегей: ыңғайлы төлем шешімдері, жеке ұсыныстар және abr+ мобильді қосымшасындағы инновациялық қызметтер мүмкіндігін ашады. Нәтиже үстелді брондау мен тамаққа алдын ала тапсырыс беруден бастап күнделікті тұтынушылық сценарийлерге енгізілген икемді қаржылық шешімдерге дейін пайдаланушылар үшін үздіксіз цифрлық тәжірибе болады.
Bank RBK Басқарма төрайымы Наталья Акентьева серіктестіктің маңыздылығын атап өтті:
"Бұл қарапайым инвестициядан да үлкен мәміле. Бұл – әртүрлі салаларда жұмыс істейтін, бірақ клиенттерге үздік қызмет көрсетуге ұмтылатын екі ірі ойыншының синергиясы. Біз өз тәжірибемізді біріктіре отырып, клиенттер үшін жаңа деңгейдегі қызмет көрсетуді қалыптастырамыз."
Бұл серіктестік банк стратегиясына сай келеді. Ол клиенттердің күнделікті өміріндегі қаржылық және тұрмыстық мәселелерді жеңілдетуге бағытталған.
ABR компаниясының бас директоры Аскар Байтасов мәмілені былай деп түсіндірді:
"Біз әрқашан инновацияларға ұмтылдық. Bank RBK-мен серіктестік – болашаққа жасалған қадам. Бірге мейрамханалық бизнес, цифрлық сервистер мен қаржыны бір кеңістікке біріктіретін экожүйе қалыптастырамыз. Бұл жаңа даму мүмкіндіктерін ашады."
Тартылған инвестициялар abr+ инфрақұрылымы мен мүмкіндіктерін кеңейтуге және адалдық бағдарламасы аясында жаңа қызметтерді ұсынуға көмектеседі.
Bank RBK қазіргі уақытта Қазақстандағы қаржылық тұрақты және серпінді дамып келе жатқан банктердің бірі. Корпоративтік несие портфелі бойынша ірі коммерциялық банктер арасында 5-ші орында, меншікті капиталы бойынша, несиелік портфелі және активтер көлемі бойынша 9-шы орында.
Банк еліміздің ірі экономикалық орталықтарын қоса алғанда, 13 аймақтағы 26 филиалы арқылы клиенттерге белсенді түрде қолдау көрсетеді. Кең филиалдық желісінің арқасында Bank RBK шамамен 30 мың корпоративтік және 1 миллионға жуық бөлшек клиенттерге қызмет көрсетеді.
Банктің 2024 жылғы таза пайдасы 2023 жылмен салыстырғанда 17%-ға артып, 56,5 миллиард теңгені құрады. Банк активтері де айтарлықтай өсім көрсетіп, 20%-ды құрап, 2024 жылдың соңында 2 453 миллиард теңгеге жетті. Банк клиенттерінің депозиттері бір жыл ішінде 27%-ға ұлғайып, 1 669 миллиард теңгені құрайды.
ABR – түрлі концепциядағы 50-ден астам мейрамханаларды біріктіретін Қазақстандағы ең ірі мейрамханалар холдингі. Нарықтағы 15 жыл ішінде компания қонақтарға кең ауқымды форматтарды, қолжетімді концепцияларды ұсынып, өзін алматылық мейрамхана индустриясының көшбасшысы ретінде көрсетті.
ABR портфолиосында Del Papa, Afisha, Cafeteria, Ogonyok, AUYL, Aroma, Darejani, Luckee Yu, Broadway Burger, COCO, RAW, SPIROS, BLANCA, TÖR, ŞYÑ 32, JINAU, Bistro Alma және Astra Grand Cafe сияқты 18 бірегей брендтер бар. Холдинг мейрамханаларына жыл сайын 7 миллионан астам қонақ келеді.
ABR мейрамхана бизнесін дамытып қана қоймай, инновациялық технологияларды белсенді қолданады. 2020 жылы компания foodtech abr+ қолданбасын іске қосты. Ал 2021 жылға қарай ол офлайн қонақтар тәжірибесін толықтыратын цифрлық экожүйені әзірлеген өзінің IT командасын құрды.
Бүгінгі таңда ABR-де 3 мыңнан астам адам жұмыс істейді және желіні одан әрі кеңейтіп, жаңа концепцияларды шығаруды жоспарлап отыр. Холдинг қызмет көрсетудің жоғары деңгейін, озық технологияларды және гастрономиялық шығармашылықты біріктіре отырып, мейрамхана индустриясының трендтерін белгілеуді жалғастыруда.