"Банк қызметкерімін деп танысқан": Жетісу облысында тіс қаққан алаяқ адамдарды алдап 12 миллион теңге тапқан
Жетісу облысында алаяқ өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, екі жыл бойы адамдарды алдап келген. Осылайша заңсыз жолмен 12 миллион теңге табыс тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz
Екі жыл бойы өзін банк қызметкері деп таныстырған әйел адамдарға ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие алуға және тегін субсидиялар алуға көмектесетінін айтқан. Салдарынан 13 адам алаяқтың құрбаны болып, 12 миллион теңгесінен айырылды.
Бірнеше рет алаяқтық жасаған қылмыскер ұсталып, оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Жетісу облысы прокуратурасы азаматтарды қырағы болуға, гранттар, субсидиялар немесе несиелер алған кезде болған мұндай жағдайлар туралы хабарлауға шақырды.
Бұған дейін Астана тұрғыны жігітті пайдалану үшін әлеуметтік желіде өзін қыз ретінде таныстырғаны туралы жазған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген