"Банк берген ақпаратты тексермей жібере салған": Желіде заңгер кірістер комитетін блогерлердің салығын дұрыс есептемеді деп айыптады
Салық бойынша заңгер, қоғам белсендісі Айжан Балакешова желіде Кірістер комитетінің жұмысына шағымданды. Айтуынша, комитет блогерлерге “кірісті жасырды” деген айыппен жіберген салық мөлшері мүлде дұрыс есептелмеген. Заңгер комитеттің банк берген ақпарат пен сандарды қоя салғанын айтып, шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: видео кадрларынан
Заңгер желіде видео жариялап Кірістер комитетінен блогерлерге жіберілген хабарламаның көзін жоюды сұрады.
“Құрметті блогерлер, жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер жалпы салық төлеушілер менің айтқанымды барынша тартуларыңызды сұраймын. Билік өкілдері бізді тыңдауы керек. Құрметті Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Жұмабайұлы, кірісті жасыру бойынша салық төлеушілерге жіберген хабарламаны жоюды сұраймын. Алдымен тиісті талдау жұмыстарын жүргізіп, барлығын саралап, кейін барып қалған айырмашылықты хабарлау қажет”, – деді ол.
Айжан Балакешова комитеттің блогерлер, жеке кәсіпкерлердің табысы туралы ақпаратты банктерден алып тексермей, талдамай сол ақпаратты салық етіп жібергеніне ашуланды.
“Мемлекеттік кірістер комитеті ыңайлы орынды тауыпсыздар! Енді сіздердің жұмыстарыңызды біздің істеуімізге тура келеді.
Сіздер банктен ақпаратты алған кезде бірінші анықтап, барлығына талдау жүргізіп, жеке табысы қандай, қайсысы оның табысына жатпайды, қайсысы үшін декларация тапсырылып қойған соны білулеріңіз керек еді. Ал қазір салық төлеушілердің арасында тіпті бұл тізімге кірмеуі керек болған адамдар да бар. Алайда хабарлама мен әкімшілік акт келіп тұр. Неге сіздер жұмыстарыңызды салық төлеушілердің мойнына артып отырсыздар? Бұған жол беруге болмайды. Енді сұрақ сонда бізге не істеу керек? Сіздердің жұмыстарыңызды істеуіміз керек пе? Онда сіздер не істемексіздер?
Өтінішіміз хабарламалардың кұшін жойып кірістер комитеті деңгейінде барлығын анықтап шешу керек. Содан кейін барып, салық төлеушілерге бағасын айтыңыздар. Сонда бұл әділ, адал іс болады”, – деп қорытты ол.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық блогерлерге 53 миллиард теңге төлеуге бір ай уақыт берілген еді.
@aizhanbalakeshova ЭТО КОСНЕТСЯ ВСЕХ‼️ И блогеров, и не блогеров, и индивидуальных предпринимателей, и просто физических лиц. ☝🏼Поэтому прошу Вас максимально РАСПРОСТРАНИТЬ данное видео. #айжанбалакешова #блогерыналоги #уведомления #кгдуведомления #сокрытиедоходов ♬ оригинальный звук - Айжан Балакешова