Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы ең ірі банк қандай: Активтер көлемі бойынша рейтинг жарияланды

2024 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің активі 56,78 триллион теңгеге жеткен. Актив көлемінің өсімі бойынша алғашқы 8 айда "Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ (Halyk Bank) көш бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

кесте стан

Кесте: Stan.kz/дереккөз Ұлттық банк

Ұлттық банктің 1 тамыздағы мәліметіне сәйкес "Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ актив мөлшері 16,6 триллион теңге. Ал 1 қаңтармен салыстырғанда өсім 1,7 триллион теңге (1 қаңтарда 14,9 триллион теңге) болған. Ал баланстағы жеке капиталының мөлшері тамызда 2,6 триллион теңгеге жетті. 

Тізімнің екінші орнында "Kaspi Bank" АҚ тұр. Тамызда актив мөлшері 7,39 триллион теңге болған, қаңтар айындағы көрсеткішпен салыстырғанда актив 710 миллиард теңгеге (қаңтардағы актив көлемі 6,68 триллион теңге) өсті. Банк баласындағы жеке капитал 933 миллиард теңге

Актив өсімі бойынша алғашқы үштікте "Банк ЦентрКредит" АҚ бар. Банктің қаңтардағы актив көлемі 5,26 триллион теңге болса, тамызда бұл көрсеткіш 5,88 триллион теңге болды. 8 айдағы өсім – 620 миллиард теңге. Екінші деңгейлі банктің балансындағы жеке капитал көлемі – 519 миллиард теңге.

"First Heartland Jusan Bank" АҚ актив өсімі бойынша алғашқы ондықта. 1 тамыздағы дерекке сәйкес банктің актив көлемі 3,2 триллион теңгеге жеткен, бұл 1 қаңтардағы көрсеткіштен 420 миллиард теңгеге (2,86 триллион) көп. Банктің балансындағы жеке активі 763 миллиард теңге екен. 

"Forte Bank" АҚ-ның активі 2024 жылдың алғашқы 8 айында 400 миллиард теңгеге, 3,44 триллионнан 3,84 триллион теңгеге дейін өсті. Форте банктің балансындағы жеке капиталы 461 миллиард теңгеден астам.  

Актив өсімі байқалған банктердің қатарында "Еуразиялық банк" АҚ бар. Қаңтарда актив мөлшері 2,75 триллион теңге болса, тамызда 3,01 триллион теңгеге жетті. Өсім – 260 миллиард теңге. Ал жеке капиталы 373 миллиард теңге екен. 

Актив өсімі бойынша тізімде "Отбасы Банк" АҚ да бар. Банктің активі қаңтар мен тамыз айлары аралығында 3,9 триллион теңгеден 4,1 триллион теңгеге дейін өсті (өсім 200 миллиард теңге). Банктің жеке капиталы 637 миллиард теңге екен. 

"Bereke Bank" АҚ активтері 2024 жылдың 8 айында 170 миллиард теңгеге өсті. Қаңтарда бұл көрсеткіш 2,07 триллион теңге, ал тамызда 2,24 триллион теңге болды. Жеке капиталы – 172 миллиард теңге

"Home Credit Bank" АҚ активтері 2024 жылдың қаңтарында 802 миллиард теңге болса, тамызда 950 миллиард болған. 8 айдағы өсім – 148 миллиард теңге. Банктің жеке капиталы – 177 миллиард теңгеден аса. 

"Банк Фридом Финанс Қазақстан" АҚ активтерінің өсімі 120 миллиард теңге болған. Қаңтарда банктің активі 2,21 триллион болса, тамызда 2,33 триллионға жетті. Банктің баласындағы жеке капиталы 150 миллиард теңгеден асады. 

"Bank RBK" Банкі" АҚ-ның активтері де біршама өскен. Мәселен, қаңтарда актив көлемі 2,04 триллион теңге, ал тамызда 2,07 триллион теңге, өсім – 34 миллиард теңге. Қаржы ұйымының жеке капиталы – 174 миллиард теңге

Талқылау