Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бангладештегі жаппай тәртіпсіздіктер болды: 39 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланды (видео)

Бангладеште таяқ, тастармен қаруланған мыңдаған студент полициямен қақтығысып, салдарынан кем дегенде 39 адам қаза тауып, жүзден астамы жараланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Skynews хабарлайды. 

Видеодан скрин

Студенттердің ереуілге шығуына биліктің мемлекеттік қызметке азаматтарды квотамен ғана қабылдау шешімі себеп болған. Сәрсенбі күні шеруге шыққандар бейсенбіде бүкіл ел бойынша "жаппай тоқтату" енгізетінін жариялады. Бұл олардың кампус демонстранттарына жасалған шабуылға жауабы еді.

“Дакка университетінің кампусы маңында шеруге шыққандарды тарату үшін полиция көзден жас ағызатын газ қолданды. Сондай-ақ ерулерді шектеу мақсатында кейбір мобильді интернет қызметтері тоқтатып тастады. Жергілікті тәртіп сақшылары оңтүстіктегі Читтагонг портындағы негізгі жолды жауып тастаған студенттерді тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолдануға мәжбүр болды”, – деп жазды басылым.

Сәрсенбіден бастап билік барлық мемлекеттік және жеке университеттерді белгісіз мерзімге жауып тастады. Университет ғимараттарының маңына ОМОН мен әскерилендірілген шекарашыларды орналастырды.

Жастар арасындағы бүкіл халықтық ереуілге елдегі жұмыссыздық себеп болды. Бангладештің 170 миллион халқының бестен бір бөлігі дерлік жұмыссыз немесе білімсіз. Олар 1971 жылы Бангладештің тәуелсіздік соғысына қатысқан ардагерлер отбасыларына арналған 30 пайыздық резервтік квотаны алып тастауды талап етіп жатыр. 

Талқылау