Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балжан Бидаш “КешYou-дің қыздары бұзылған” деп сынағандарға жауап берді

Өнер жолы – ауыр жол, әсіресе қыз баласы үшін! Бұл сөзді шоу-бизнес өкілдерінен жиі естіп жүрміз. Расында танымалдылықты “тарту” ететін өнер жолының несі ауыр? Біріншіден, ар-ұят пен отбасының “күзетшісі” саналатын қазақ қыздарының артынан түрлі сөз ереді. Оның көпшілігі жағымсыз. Халық арасында тіпті, “өнердегі қыздардың көбі бұзылған” деп ойлайтындар баршылық, деп жазады Stan.kz.

Атышулы Баян Мақсатқызының қарамағындағы қыздарға көз салатын серілер көп. Оның үстіне, топтың бір емес, бірнеше мүшесі отбасылы азаматпен көңіл қосып, ақырында оларға ұл туып берген еді. Сондықтан болар, көпшілік КешYou тобында жеңіл ойлы қыздар ғана ән салады деп ойласа керек. Алайда сынаушыларға топ солисі Балжан Бижаштың айтары бар.

“Адамдардың КешYou-ға әлі де айтып жүрген әңгімесіне жауабым: КешYou-дан шығып кеткен қыздарға жазылған пікірлердің бірінде “топтан кетіп қалғаны жақсы болды, өйткені оның ар-ұяты бар” депті…

КешYou-дың қыздары андай-мұндай деп айтатын сіз өз көзіңізбен көрген жоқсыз ғой?! Және кім айтты сізге өнер адамының бәрі бұзылған деп? Сіз сияқты менің де ата-анам, бауырларым инстаграмда отырады, сіздердің жаман сөздеріңізді оқығанда оларға жағымды тиеді деп ойламаймын… 5 саусақ бірдей емес, он күнәнің тоғызы тілден. Біреудің артынан әңгіме айтқанша, өз шаруаңды істе немесе үндеме”, – дейді Балжан.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмахан өзін ренжіткен адамның жазаланғанын айтты

Әнші Жазира Байырбекова өзіне гаухар тасты сырға алмақ болған ақшасын балалар үйіне берді

Ерлан Қарин көпшіліктің наразылығын тудырған «Қозы мен Баян» телехикаясына қатысты дауға жауап берді

Тұрсынғали Алагөзов жартылай жалаңаш Баян Мақсатқызын періштеге теңеді (видео)

Талқылау