"Балтамен есікті жауып кеткен": Қызғаныштан сүйіктісі мен екі еркек отырған үйге өрт қойған ер адам 25 жылға сотталды

Фото: Видеодан скрин
Солтүстік Қазақстан облысындағы Полтавка ауылында үй өртеніп, ішінен 58 жастағы үй иесінің және 44 пен 46 жастағы екі ер адамның денесі табылды. Марқұмдар қасақан қылмыстың құрбаны болған. Әйелдің сүйіктісі күдікті ретінде ұсталып, 25 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
50 дастағы күдікті қонақтардан азаматтық некедегі әйелін қызғанып, ер адамдармен жанжалдасып, ақыры үйге өрт қойған.
Марқұм болған ер адамның бірі оқиға кезінде қонақта болған, ал екіншісі – қаза тапқан әйелдің күйеу баласы. Өрт кезінде 35 жастағы әйел үйден шығып үлгерген. Оны терееден шығып жатқан кезінде ауылдасы көріп қалып, көмектескен. Оның денесін күйік шалып, жарақат алған.
Осы факт бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігімен (Екі немесе одан көп адамды өлтіру) тергеу басталды. Кейін өртте қаза болған әйелмен бірге түратын жергілікті қойшы қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды.
50 жастағы күдіктінің ісі Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер бойынша арнайы аралас ауданаралық сотында алқабилердіңі қатысуымен қаралды.
“Күдікті үйден шығып, іште адамдардың барын біле тұра, сүйіктісі мен ер адамды өлтіру үшін балтамен кіреберіс есікті тіреп қойған. Содан кейін ол капрон арқанын бірнеше рет қабаттап, есіктің сыртынан қақпаны бекітуге арналған екі металл бөлікке байлап, үйдегі адамдарды сыртқа шыға алмайтындай еткен. Есіктің астына ағаш қабығын салып, оттықпен өрт қойған”, – дейді судья Ерлан Нұршарыпов.
Соңында алқабилер қатысқан сот күдіктіні үш адамды қасақана өлтірді және кісі өлтіруге әрекет жасады деп айыпты деп таныды. Сондай-ақ сот айыпталушыға орта қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 25 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жазасын тағайындады.
“Оған жазасын өтейтін жерде міндетті түрде салынып ішуден емдеу түрінде медициналық шаралар тағайындалсын. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол ішіпдіктен туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстардың созылмалы түрімен, тәуелділік синдромымен ауырады”, – деді судья.
Қарағандыдағы дәмханада газ жарылып, екі адам қаза тапты (видео)
15 жасқа толмаған футбол жанкүйері стадионды өртеп жіберді
Сот жеке шешім шығарып, Солтүстік Қазақстан облысының әкіміне Полтавка ауылы тұрғыны, қызды өрттен аман алған Саныевтың батылдығы мен ерлігі туралы ақпараттың жеткізілуін тапсырды.
Еске салайық, биыл 17 қыркүйек күні Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылда өртенген үйден әйел мен екі ер адамның денесі табылғаны туралы жазған едік.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?