Балнұр Асанованың киім үлгілері сән апталығына келгендерді таңырқатты
Наурыздың 22-сі мен 27-сі аралығында өткен Мәскеу сән апталығында үздік сәнгерлердің «2016-2017 жылдарға арналған күз-қыс» киім үлгілері ұсынылды. Қазақы нақышта тігілген сәнді киімдер көпшіліктің таңдайын қақтырды. Ол жерде әлемнің барлық елінен келген үздік сәнгерлер ғана өз үлгісін ұсыну мүмкіндігін алған еді.

Осы жылғы Мәскеудегі сән апалығында Қазақстаннан «Сымбат» сән академиясының арт-директоры Балнұр Асанова өз туындыларын көрсету мүмкіндігіне ие болған еді. Сәнгердің жаңа туындыларын тамашалап оған қолдау көрсету мақсатында жиынға Асанованың әріптестері мен тұрақты тұтынушылары, ресейлік танымал жұлдыздар келген.Балнұр Асанова Қазақстандағы ең танымал әрі шетелге туындыларын жиі шығаратын сұраныстағы сәнгер.







Бұған дейін Балнұр Асанованың қолынан шыққан сән үлгілері Мәскеудегі сән апталығында көрсетілетіні жайлы хабарлаған едік.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін