Балқашта элиталық демалыс аймақтарының бірінде 29 адам уланып қалды
Балқаш көлінің жағасындағы демалыс аймақтарының бірінде 29 адам уланып, 14 адам ауруханаға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға қымбат демалыс аймақтарының бірінде болған. Демалушылардан көптеген шағымдар түсті. Олардың барлығы жоғары температура мен диарея секілді ауру белгілеріне шағымданып, медициналық көмекке жүгінді.
“Балқаш көпсалалы ауруханасының инфекциялық бөлімшесіне 14 адам түсті. Олардың бесеуі ересек, тоғызы бала. Науқастардың жағдайы улану белгілері мен ішек синдромына байланысты орташа ауырлықта. Оларға тексеріс пен емдеу шаралары тағайындалды. Олар ауруханаға жатқызудан бас тартқандықтан динамикалық бақылау бөлмелеріне орналастырылды”, – деді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі