Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балқаш тұрғыны 5-қабаттан жаңа туған алты күшікті лақтырып жіберді

Күшіктердің терезеден лақтырып жіберген Балқаш тұрғыны полицейлер мен еріктілерді үйге кіргізбей қойды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Тұрғынның иті 7 күшік туған соң иесі бірін қалдырып қалғанын терезеден лақтырып жіберген. Бұған 12 жастағы балалар куә болыпты.

Олар үлкендерге барып мән-жайды айтып береді. Тұрғындар келгенде 4 күшік өлі күйінде болған. Екі күшік төртеуінің үстіне түсіп аман қалған. Олар тірі қалды. Көршілері екі күшікті өздеріне алды.

«Тексеру кезінде күшіктердің туғанына 20-25 күн болғаны анықталды. Мал дәрігері тірі қалған күшіктердің бауыры, ішкі азғалары жарақат алғанын айтты. Басы да сынып кеткен», -дейді «Адам және жануар» бірлестігінң өкілі Анастасия Септ.

Жануарларды қорғау бірлестігінің еріктілері мен полицейлер ит иесінің үйіне кіре алмады. Болған жайтқа қарамастан полицейлер есікті бұзып кірген жоқ.

Тағы да оқыңыз:

Атамбаев шекараны нығайтып, қорғанысты күшейтуге тапсырма берді

Түркістанда жатқан Арыстанбаб кім: «Пайғамбар сахабасы» деген сөз рас па

Мұстафа Шоқайдың берген садақасы оны өлімнан аман алып қалған

Талқылау