"Балқадиша" әнімен танылған палуан бала Димаштың концертінде өнер көрсетті
Фото: Видеодан скриншот
"Балқадиша" әнін орындап, желіде танымал болған жас спортшы бала Димаш Құдайбергеннің концертінде өнер көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Халық әртісі өнерпаз балаға қолтаңбасы қойылған домбыраны сыйлады. Желі жұлдызына айналған баланың аты-жөні – Бекболат Иса. Оның орындауындағы әннің видеосы желіде кең таралып, жас орындаушының таза даусы мен вокалдық шеберлігіне қазақстандықтар ерекше ықылас білдірген.
Жас спортшы Димаштың концертінде өзін танымал еткен "Балқадиша" әнін дүйім жұрттың алдында орындады.
-
"Айтқым келмейді": Димаш Құдайберген жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді
-
"Осындай түйреуішім бар еді": Димаш Құдайбергеннің әжесі Мақпал Жүнісоваға бағалы сыйлық жасады
Желі қолданушылары Димаш Құдайбергенге жылы лебіздерін білдірді.
"Бұлақ көрсең, көзін аш" деген, Димашымыз інісін сахнаға шығарыпты. Браво!", "Күресті қойып ән айту керек секілді балаға", "Тіл көзден аман болсын! Керемет", "Інілеріне қолдау болатын ағалары көп болсын!", "Керемет, сөзім жоқ. Тек эмоция", – деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, осыған дейін Атырауда бәстен жеңілген жас спортшы "Балқадиша" әнін айтып, әлемге танылған еді.

Маңғыстауда тұрғындардың үйлерін, көшелерін қоңыз басты: Аумақтық инспекция жәндіктермен күресті халықтың өзіне қалдырды (видео)
