Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балық майы өкпеге қалай әсер етеді? Дәрігер түсіндірді

Ресейлік дәрігер Георгий Сапего балық майының пайдасы туралы айтты. Оның сөзінше, бұл өнімнің қабынуды басатын қасиеті бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Sputnik радиосына берген пікіріне сүйенсек, дәрігер балық майының денсаулыққа пайдасы, ең алдымен, оның құрамында Омега-3 полиқанықпаған май қышқылдарының болуымен байланысты екенін айтады.

Осы заттардың арқасында өнім қабынуға қарсы әсерге ие.

“Балық майы қандағы триглицерид деңгейін азайтады, қан қысымын сәл төмендетеді, жүрек соғу жиілігін, қанның ұюын азайтады.

Сондай-ақ, балық майынан алынған Омега-3 қанықпаған май қышқылдары қабынуға қарсы әсерге ие. Сондықтан балық майы, мысалы, ревматоидты артриті бар адамдарға ұсынылады”, – дейді Георгий Сапего.

Дәрігердің айтуынша, балық майы иммунитетті айтарлықтай күшейтетін құрал деп санауға болмайды. Бірақ оның қабынуға қарсы әсері жұқпалы ауру кезінде пайдалы болмақ. 

“Балық майы ағзаның инфекцияларға қарсы тұру қабілетін айтарлықтай арттырады деп ойламаймын, бірақ ол өкпенің қабынуын тежейді”, – дейді Сапего.

Әдетте балық майы әдетте суық теңіздердің тіршілік иелерінен алынады. Омега-3 полиқанықпаған май қышқылдары тек балық майында ғана емес шпинат, грек жаңғағы, бұршақ, зығыр және қыша майларында кездеседі.

Талқылау