Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балғынбек Имашев: Күйеусіз өтсе де қызымды қытайға бермес едім (видео)

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев желідегі парақшасына жәндік жеп отырған қытай қызының видеосын жүктеп, қазақ қыздарының қытай азаматтарына тұрмысқа шығуы туралы өз ойын білдірді.

qqq53

«Қатынсыз қалсам да мына қытайдың қызын алмас едім. Күйеусіз өтсе де қызымды бұларға бермес едім. Одан гөрі қазақтың иманды, намысты азаматының екінші, үшінші, төртінші әйелі болғаны жақсы. Шариғатымыз кәпірлерге қыз беруге тыйым салған. Елім деген ер-азаматтар! Әрқайсымыз қазақтың баласы, қазақтың ері, қазақтың батыры, қазақтың азаматы деген атқа сай болайық! Қыздарымызға қорған болайық, тірегі, сүйеніші, бағы болайық!» – дейді ол.

Желі оқырмандары ақынның сөзін қоштай түсті. Көпшілік жәндікпен қоректенетіндерге жиіркене қарайтындарын жеткізген. Мәселен:

“Сіз сияқты еркектеріміздің барлығы да намысты, иманды, ұлтжанды болса қоғамымыз жөнделер еді. Қыздарымыз да ешқайда қашпас еді. Әттең, сіздейлер аз ғой. Қызға үйден анасы тәрбие береді. Ал анасын қыздың әкесі түзеп отырады: “ана қызыңа айтсайшы” деп. Сондықтан қоғамды түзейтін мықты еркектеріміз көп болсын”, – дейді Салтанат Байжанова есімді желі қолданушысы.

Жіберіп алмаңыз:

Бағдат Сәмединова қызын аяусыз ұрып, пышақтамақ болған күйеу баласы туралы айтты

Димаш Құдайбергенов Қытайдың «Түнгі студия» бағдарламасына қатысты (фото)

Қытай тілінде ән айтқан Қайрат Нұртас жұрттың ашуына тиді (видео)

Санжар Мәдиевтің отбасылық суреттері жұрттың жүрегін елжіретті (фото)

Талқылау