Балғынбек Имашев әйелді жазалау үшін ерлерді «тоқал» алуға шақырды
Танымал айтыс ақыны Балғынбек Имашев әйелді жазалау үшін ер адамдарға оның үстінен «тоқал» алу керектігін айтты. Ол көп әйел алу ислам дінінде бар екенін тілге тиек етті.
Сондай-ақ, діни мысал келтіріп оны өлеңмен өрнектеді:
Жаратқан жұп-жұбымен тәмам затты,
Таратқан ер-әйелден адамзатты.
Бір күні ашуланған еркек байғұс,
Таяқпен өз қатынын сабап жатты.
Болса да әйел заты сәл кінәлі,
Көргендер жөн көрмеді дәл мынаны.
Бір ғалым ақыл айтты: “Ей, бауырым,
Таяқпен адамды емес, малды ұрады.
Болса да кейбір сөзі запыран, у?
Қатын сабау – сауаптан қапы қалу.
Әйелді түзейтұғын жақсы соққы –
Үстінен тағы да бір қатын алу”.
Жадырап жаны бірден жабырқаған,
Айнымай ақша беті ақ ұлпадан:
Не дейсіз? Сөзіңізді ұқпадым, – деп,
Әлгі еркек жүз танытты таңырқаған.
Құтылу жолын іздеп одан оңай,
Жауапты әйел тапты соған орай:
Сөзін тыңдап қайтесің ақымақтың,
Сабай бер, – деді еріне, – мені аямай.
Шығатын бұл қиссадан қорытынды:
Болады жақсылықтың жолы түрлі.
Үйлену шама жетсе төрт әйелге –
Бақыттың төте жолы ең ұтымды.
Ерлердің бір әйелмен көбі жүдеп,
Күнәға селт етпейді өлі жүрек.
Алайда иманы әлсіз әйелдерге,
Жан берген бай бергеннен жеңілірек».
Мұны оқыған желі оқырмандары өзара қырқысып қалды. Кейбіреулер ақынның пікірін қоштаса, екіншілер мына заманда еркектердің де оңды қылық жасамайтынын айтып шағымданды.
Жіберіп алмаңыз:
Қытайдың алпауыт компаниясы Димаш Құдайбергеновке арнап смартфон шығарды (фото)
Алтынбек Рахметов “қолжетімді” болып кеткен жұлдыздарды сынап тастады
Мақпал Жүнісова Кенжебек Жанәбіловпен бірге дуэт айтты (видео)