Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Балгерлер шайқасы” байқауының жеңімпазы ұрланған көлікті тізгіндеген жерінен ұсталды

Санкт-Петербург қаласында полиция қызметкерлері көлік ұрлап қашқан балгер Петр Смирновты қолға түсірді.

Бұл туралы “Фонтанка” басылымы жазды.

Петр Смирнов танымал “Балгерлер шайқасы” байқауына қатысқан болатын. Құқық қорғау органдары қылмыскерді тоқтатарда Bentley Continental көлігінің VIN нөмірі өшірілгенін байқаған. Қазіргі таңда қылмыскер темір торға қамалды, ал көлік автотұраққа жеткізілді.

Ұрланған көліктің жүргізушісі 54 жастағы Петр Смирнов “Балгерлер шайқасы” байқауының 17-маусымының жеңімпазы атанған болатын. Аталған байқауға Свами Бодхи Даши лақап атымен қатысқан. Алайда ер адам иномарканы дәл осы күйінде сатып алғанын айтады. Дәл қазір полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп, ұрланған автокөліктің иесін іздестіріп жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында ата-анасы бас тартқан нәрестені асырап алу жеңілдеді

Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Алматыда бар тазалықшысы қонақтардың бірі ұмытып кеткен 5 млн теңгені қайтарды

ШҚО-да аспаз ұрлығын кешірген дәмхана иелерін қайта тонап кетті

Талқылау