Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бәле-жаладан қорғайтын бұйым": Баян Мақсатқызы күйеуін туған күнімен құттықтады

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы күйеуі, кәсіпкер Тұрсен Алагөзовті туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Өнер иесі туған күн иесіне не сыйлағанын да көрсетті. 

“Мен күйеуіме не сыйласам екен деп көп ойландым. Ойлана келе, мына бұйымға тапсырыс бердім. Өзінің руының белгісі. Гауһартастары бар, алтыннан жасалған зергерлік бұйым. Бұл сені бәле-жаладан қорғайды. Енді саған көз тимейді. Туған күніңмен құттықтаймын, сені жақсы көремін", – деді ол. 



Айта кетейік, қаңтар айында продюсер 50 жасқа толған кезде күйеуі қымбат машина сыйлаған еді. 

Сонымен қатар жақында 50 жасын дүркіретіп атап өткен продюсерге күйеуі елде жоқ көлік сыйлаған. 

“Тұрсен туған күніме Меладзені шақырып, дуэт айтқызды. Бөлек тағы да өте жақсы сыйлық берді. Ол – көлік. Маркасы – Rolls-Royce. Бірақ оған әлі мінген жоқпын, шамасы, түсі көк пе, көгілдір ме, сондай. Әлі көрмедім, көруге уақытым жоқ. Келген қонақтардың да сыйлығын ашпадым. Бәрін көріп, ашуға мүлдем уақытым жоқ", – деп ағынан жарылған еді продюсер. 

Еске салайық, бұған дейін Баян Мақсатқызы екі қызының дүниеге келуіне көмектескен Салтанат Байқошқароваға алғыс білдірген еді. 

Талқылау