Баласын ұрған атышулы видеодағы әйел полицейлерден жасырынып жүр
Полицейлер емізулі сәбиді аяусыз ұрған әйелді іздеп жатыр. Бұған дейін атышулы видео желіде кең тарап кеткен еді, деп хабарлайды Қазақпарат ХАА.
«Әйелдің жеке тұлғасы анықталды. Оны іздеу жұмыстары жалғасуда. 11 қараша күні тергеу жұмыстары басталды», – деп мәлімдеді ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.
Айта кетейік, бұған дейін ғаламторда сәбиді аяусыз ұрған безбүйрек ананың видеосы тарап кеткен еді. Ол нәрестенің жылағанына қарамай оған «аузыңды жап деп» айқайлап, төмпештей жөнеледі.
Қатыгез анасының аты-жөні Айгүл Құрбанбаева деп көрсетіпті. Тілшілер анықтаған ақпарат бойынша, Қарақалпақстаннан көшіп келген келіншек, өзі аяусыз төмпештеген сәбиін осы жылдың 21 қаңтары күні Қалқамандағы перзентханада босанған көрінеді.
Желі қолданушыларының айтуынша, 8 жасар қыз анасы жұмыста болғанда видеоға түсіріп алған. Олар әйелдің Алматы тұрғыны екенін, оның сырт елден келгенін айтуда. Әйелдің өзі де жүкті көрінеді.
Жіберіп алмаңыз:
Астанада ЭКСПО көрмесінің ғимараты опырылып түсті (видео)
Үш жасар Айлиннің анасы сот отырысында жылап, күйеуін кінәлады
Қытайда той қонақтары жас жұбайларды елдің көзінше секспен айналысуға мәжбүрледі (видео)
Қытайда өзі жетім өскен қазақ қызы 62 мүгедек баланы асырап алды