Баласын 5-қабаттан лақтырған әйел аналық құқынан айырылмақ
Анасы бесінші қабаттағы терезеден лақтырып жіберген семейлік сәби нағашы әжесіне берілуі мүмкін. Бірақ жергілікті биілік бұл жағдайда психоневрологиялық диспансердің шешімі маңызды, – деп хабарлайды КТК арнасы.
“Баланы тәрбиелеуге мүмкіндігі жоқ деген шешім қабылдайтын болса, комиссия соған сәйкес өз қорытындысын шығарады. Онда әжесінің өтініші болуы керек. Ол кісі немересін алғым келеді деп ұсыныс жасаса, біз көмектесуге дайынбыз”, – дейді Семей қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Гүлнар Оразбекова.
Алайда әжесі үш жастағы жиенін асырап алу жөнінде нақты өтініш түсірмеген. Әйтсе де, мамандар аяқ-асты ұстамасы ұстап қалатын әйелдің қасында бүлдіршінді жалғыз қалдыру қауіпті екенін алға тартуда. Олар сол үшін бүлдіршін нағашы әжесіне берілуі мүмкін деп отыр. Себебі, оның әкесі де жоқ. Естеріңізге сала кетейік, жантүршіктіретін оқиға алдыңғы күні болған. Психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұратын 36 жастағы келіншек жатақхананың 5 қабатынан өз баласын лақтырып жіберді. Есі ауысқан әйел де, ауыр жарақат алған бүлдіршін де қазір ауруханада жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
Баласын 5-қабаттан лақтырып жіберген семейлік келіншек бұйрық секілді беймәлім дауысты естіген
Алматыда қос сәбиді тоңазытқышқа тыққан қаскөй оларды жылап мазасын алғаны үшін өлтірген
Ақтөбе облысында тірідей жанып кеткен ауыл әкімінің туыстары болған оқиғаға шенеуніктерді кінәлады
Алматыда жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, әйел мен бала зардап шекті