Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Баласының көзінше соққыға жыққан": Say Mo 104 лақап атымен танылған рэпердің отбасындағы жанжалды әшкереледі

Фото: Stan.kz 

Танымал блогер, рэпер Say Mo өнердегі әріптесі "Molodoi Boss-тың" отбасындағы зорлық-зомбылықты айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Say Mo жеке парақшасында соққыға жығылған әйелдің фотоларын көрсетті. Рэпермен арасындағы жазбаларының скринін жариялады.

Әншінің сөзінше, рэпер бес жыл бойы әйелін баласының көзінше ұрып, зорлық-зомбылық көрсетіп келген.

Алайда рэпер әлеуметтік желідегі айыптауға жауап берді. Әншінің жазбасын бөлісіп, "жоюды күтемін" деп жазды.

Одан кейін рэпердің әйелі Threads желісінде жазба жариялады.

“Мен бұрынғы күйеуімнің пікірін қолдаймын. Иә, екеуміздің кінәміз бар жерде ұрыс-керіс болды. Осы себепті біз ресми түрде ажырасып, тек бала тәрбиелеу мәселесі бойынша сөйлесіп жатырмыз. Менің шағымым жоқ, тақырып жабылсын”, – деп жазды келіншек.



сэймо рэперФото: https://www.instagram.com/say_mo__/

Еске салайық, Molodoi Boss – жуырда тағы бір даулы оқиғаның ортасында болған рэпер Qurt-тың жақын досы.

Qurt лақап атымен белгілі қазақстандық рэпер (шын аты-жөні – Дамир Қойшубаев) әйелі Аружан Қойшубаева күйеуін тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деп айыптады. 4 шілдеге қараған түні Аружан Instagram желісінде денесіндегі көгерген, гематомалар мен сызаттар бар фотоларды жариялады.

Аружанның айтуынша, оқиға 27 маусым таңертең болған.

"Таңғы 10-да ол мені бір сағат белдікпен ұрды. Белдік үзілгенше сабады. Ол үзілгесін басқасымен ұрды. Мен пәтерден қаша алмағандықтан, айқайлай бастадым. "Көмектесіңдер, құтқарыңдар, мені өлтіріп жатыр" деп айқайлағанымды көршілер естіп, мені құтқарып қалды. Оны қатты жақсы көргендіктен, бұл жайт туралы айтуға қорықтым. Бірақ ол кінәсін түсінер емес”, – деген еді жәбірленуші.

STAN.KZ
Жұма, 18 Шілде, 2025 14:49
Талқылау