Қазақстандық балалар рұқсатсыз фото-видеосын желіге жариялаған ата-анасын сотқа бере алады
Фото: Freepik.com
Кәмелет жасқа толған бала кішкентай кезіндегі фотоны желіге жарияланғаны үшін ата-анасын жауапқа тарта алады. Яғни жасөспірімге ескі фото-видеосы ұнамаса, оны парақшаға жүктеген әке-шешесінен айыппұл өндіруге құқылы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еліміздегі Азаматтық кодекстің 145-бабына сәйкес, адамның фото немесе видеосы тек оның келісімімен жариялануға тиіс. Кәмелет жасына толмаған баланың видеосын әлеуметтік желіге жүктеуге тек оның ата-анасы құқылы. Алайда "әке-шешем фотомды рұқсатсыз жариялады” десе, онда ол 18 жасқа толғаннан кейін ата-анасынан фотоларды өшіруін талап етіп, қажет болған жағдайда моральдық шығын өндіріп ала алады.
“Егер бала кәмелет жасқа толғаннан кейін оның фотолары әлеуметтік желілерде жарияланып, оның құқықтарына немесе абыройына нұқсан келтірілсе, өзінің ата-анасына қарсы сотқа жүгіне алады. Сот қарау кезінде нақты жағдайларды ескереді. Яғни, бұл фотолардың мазмұны қандай, қандай контексте жарияланған және моральдық зиян бар ма, жоқ па, соны анықтайды”, – деді заңгер Алина Тойбай.
Мамандар балалардың фотосын жүктерде сақ болуға шақырады. Мәселен бүлдіршіннің жалаңаш немесе жартылай жалаңаш фото-видеосын жариялауға болмайды. Сондай-ақ баланың жиі уақыт өткізетін орны мен мекенжайын айғақтайтын фото салмауға кеңес береді. Өйткені алаяқтар дәл осы фото арқылы жүрген жерін тез анықтап, өзінің арам ниетін іске асыруы мүмкін. Бұнымен қоса, оның жеке деректерін көрсететін фотоны жүктемеген жөн.

"Ауыз қуысынан, іш киімінен бірнеше ер адамның шәуеті табылған": Соңғы бес жылда қоғамдық шу тудырған сарбаздар ісі
