Баласының еміне жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырған ерлі-зайыпты Тотақановтарға үкім шықты

Видеодан скриншот
9 қаңтарда Астанада науқас баланы емдеуге қаражат керек деген желеумен алаяқтық жасады деп айыпталған ерлі-зайыптының соты аяқталды. Сот үкімді жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сотпен анықталғандай, 2020–2024 жылдар аралығында Тотақановтар 2019 жылы дүниеге келген, туғаннан кейін ауру екені анықталған ұлын емдеуге қаражат жинау үшін жүйелі түрде ақша жинауды ұйымдастырған. Балаға бірқатар күрделі диагноздар қойылған. Қаражат жинау үшін әлеуметтік желілерде таргеттелген жарнама пайдаланылған.
Нәтижесінде олардың есепшоттарына жалпы сомасы шамамен 2,2 миллиард теңге қаражат түскен, оның ішінде 1,4 миллиард теңге қайырымдылық қаражат ретінде алынған.
Жиналған қаражаттың елеулі бөлігі баланы емдеуге емес, жұбайлардың жеке қажеттіліктеріне жұмсалған. Атап айтқанда, қаражаттар төмендегілерге бағытталған:
Жылжымайтын және жылжымалы мүлік сатып алу:
- жалпы құны 47 миллион теңге болатын екі пәтер;
- жалпы құны 8 миллион теңге болатын жер учаскелері;
- "LEXUS RX 300" маркалы автокөлік – 28 миллион теңге;
- "Hyundai Santa Fe" маркалы автокөлік – 8,2 миллион теңге;
- "Toyota Camry 75" маркалы автокөлік – 15 миллион теңге;
- "Toyota Land Cruiser Prado 150" маркалы автокөлік (сомасы анықталмаған).
- Брендтік тауарлар сатып алу және құмар ойындарға қатысу – 9,7 миллион теңге.
- "Facebook Ads" жарнама платформасының қызметтеріне ақы төлеу – 481 миллион теңге.
- Қарыздарын жабу – 349,5 миллион теңге.
Баланың еміне бар болғаны 6,4 млн теңге ғана жұмсалған.
Толқын Тотақанова жеті жылға бас бостандығынан айырылды, қайырымдылық қорына қаражат жинауға 10 жылға тыйым салынды. Алайда баласының кішкентай болуына байланысты оның жазасы екі жылға кейінге қалдырылды.
Күйеуі Дәулет Тотақановтың мүлкі тәркіленіп, қайырымдылық қорына қаражат жинауға 10 жылға тыйым салынды. Ол орташа қауіпсіздіктегі мекемеде жеті жылға бас бостандығынан айырылды.
Ұлының еміне деп ақша жинаған астаналық жұптың ісі: Сотталушы бопсалау құрбаны болғанын айтты
Жұптың 2022 жылғы Hyundai Sonata көлігі, тұрақ орны және Қосшыдағы жер учаскесі тәркіленді.
Дәулет пен Толқынға Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы ("Аса ірі көлемдегі алаяқтық"), сондай-ақ 218-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы ("Бір топ адам алдын ала келісіп қылмыстық жолмен алынған ақша мен басқа да мүлікті жылыстату") бойынша айып тағылды.
Еске салсақ, биыл шілде айында Қаржы мониторингі агенттігі ерлі-зайыптыға қатысты тергеу басталғанын хабарлаған еді. Агенттіктің дерегінше, жұбайлар өздерінің ұлын емдеу үшін қазақстандықтардан шамамен 1,3 миллиард теңге жинаған. Агенттік олардың жинаған қаражаттың көп бөлігін жеке мақсаттарына пайдаланған деп санайды. Ерлі-зайыптыға қатысты тергеу 2025 жылы шілденің 29 күні аяқталды.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді