Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Баласымен жасты": Сиви Махмуди жас жігітпен көзге түсті

сиви Фото: Видеодан скриншот

Танымал әнші Сиви Махмуди жас жігітпен көзге түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесінің су жаңа жазбасы қызу талқыланды. 

“Бұл кадрлар өмірден алынған ба әлде кинодан ба", – деп әнші екіұшты ой қалдырды. 

Желі қолданушылары бейтаныс жігіттің кім екенін жарыса жазып жатыр. 

“Макияжына ғашық болған шығар”, "Махаббат жасқа қарамайды деген осы шығар", "Өмірден екені көрініп тұр, әдемі әрі бақытты", "Көз тимесін", "Жарасып тұр", "Ойбай, жап-жас қой", "Баласымен жасты сияқты”, –деді көпшілік. 



Еске салайық, әншінің бұрынғы күйеуі алаяқтық ісі бойынша бес жылға сотталып кеткен еді. 

Ол қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылды. Қылмыстық іс Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды. 

Астана соты таратқан ақпаратқа сәйкес, сотталушы туыстарының 50 мың доллар сомасындағы ақшасын жымқырған.

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 14 Қазан, 2025 10:59
Талқылау