Баласы 1,5 жасқа толған әйелдер де жұмыссыздық бойынша төлем ала алады: Министрлік желіде тараған ақпаратқа байланысты жауап берді

Желіде бала 1,5 жасқа толғаннан кейін де қазақстандық әйелдердің жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлемдерді рәсімдей алатыны туралы ақпарат тарады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпаратқа байланысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомствоның айтуынша, бұл "схеманың" заңды негізі жоқ және ол азаматтарды жаңылыстырады.
“Мұндай хабарламалардың авторлары азаматтарға алты ай бойы төлем алу үшін мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркелуді ұсынады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бала күтімі бойынша демалыста отырған әйелдің жұмыс орны сақталады. Сондықтан ол жұмыссыз деп танылмайды. Жұмыссыз мәртебесі тек нақты жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа кірісуге дайын адамдарға ғана беріледі”, – деп түсіндірді министрлік.
Ведомство сонымен қатар, жұмысынан айырылған адамдарға арналған әлеуметтік төлем тек міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатындарға беріледі деп түсіндірді.
“Олар жұмыссыз ретінде тіркеліп, белгіленген талаптарды орындауы тиіс. Төлем алушы жұмысқа орналасқан жағдайда бұл туралы мансап орталығын уақтылы хабардар етуге міндетті. Егер жалған мәліметтер ұсынылса, төленген қаражат заңнамада белгіленген тәртіппен қайтарылатын болады. Министрлік сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді алу мақсатында әдейі жалған мәліметтер беру алаяқтық ретінде бағалануы мүмкін екенін ескертеді. Осындай жалған нұсқаулықтарды тарататын тұлғалар да жауапкершілікке тартылуы ықтимал”, – делінген хабарламада.
-
Жамбыл облысында ерлі-зайыпты WhatsApp арқылы ыдыс-аяқ сатып, 112 адамды алдап соқты
-
Жаңа ереже: Құлаққапсыз видео көретін жолаушыларға ұшаққа өмір бойы кіруге тыйым салынады
Елімізде мұндай алаяқтыққа байланысты қазірдің өзінде 7 сот үкімі шыққан. Министрлік азаматтардың әлеуметтік желілердегі (соның ішінде Instagram-дағы) жарнамалық жарияланымдарға сеніп, әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу схемаларына тартылғаны анықталғанын жеткізді. Сол себепті көпшілікті сақ болуға шақырды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған