Balapan телеарнасының жүргізушісі көз жұмды 

Balapan арнасының  13 жасар жүргізушісі Құтжан Бағлан қайтыс болды, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Осыдан төрт күн бұрын жас таланттың жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатқаны жайлы желіде ақпарат тараған еді. 

«Қадірменді ағайын, Жаратушы Алла Тағаладан баланың амандығын тілейік. Оқыған намаз, Құранымызда һәм Тарауих намазында осы баланың денсаулығын дұғаға қоссаңыздар. Қасиетті Рамазан айындағы дұға-тілектеріміз қабыл болсын!», - деп қалың көпшіліктің дұғасы да сұралған болатын.

Cпорт шеберіне үміткер Құтжан Бағлан велоспортпен айналысқан. Кезекті жаттығуларының бірінде жүк көлігімен соқтығысып, ауыр жарақат алған ол жансақтау бөлімінде көз жұмды. 

Бұл туралы балалар жазушысы, әдебиет сыншысы Елдос Тоқтарбай фейсбуктегі парақшасында жазып, ата-анасына көңіл айтты.

«Ауыр қаза...Талантты бала еді... Рамазан айында дұға етіп едік... Орны толмас өкініш... Қысқа ғұмыр... Не деген ауыр еді... Алла алдынан жарылқасын! Ата- анаңа, туғандарыңа сабыр берсін!» - деп жазды жазушы.

Естеріңізге сала кетейік, Бағлан Балапан арнасыныңдағы «Ойлан, тап!», «Біз де бал болғанбыз», «Қуыр, қуыр, қуырмаш», «Дұрыс-бұрыс» бағдарламаларын жүргізген, талабы таудай таланты бала болатын. Сондай-ақ, қазақ радиосында «Балдәурен» балалар бағдарламасын жүргізген.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр