Баланы залға алтын тақпен алып келді: ерекше той қазақстандықтардың наразылығын тудырды
Әлеуметтік желіде қазақ тойларының біріндегі баланы залға алтын тақпен алып келген суреттер пайда болды.
Оқиғаны Марат Толыбаев есімді қолданушы жариялаған.
“Жақында туыстарымыз ұлдарының бірінші сыныпқа барғанын атап өткен. Салтанатты шара үлкен тойханада жүздеген адамдардың қатысуымен аталып өтті. Баланы залға алтын таққа отырғызып алып келді, адамдар оған гүл шоқтары мен алтын әшекейлер, ақша ұсынып жатты. Бала не болып жатқанын түсініп тұрған жоқ. Бірақ, осының бәрі ол үшін осылай болуы керек сияқты кескін бар”, – деп жазады автор.
“Біз балаларды неге үйретіп жатырмыз? Қандай құндылықтарды сіңірудеміз? Күн сайын Фейсбукте сондай дарақылыққа күлеміз де, кешке тура сондай тойға барамыз. Біз осылайша болашақ үсеновтерді өзіміз тәрбиелеп жатырмыз. Келешекте біліммен емес, айфонмен, қымбат көлікпен, тоймен жарысқа түсетін ұрпақ қалыптастырудамыз”, – деп атап өтеді ол.
Оқи отырыңыз:
ШҚО-да педофил кішкентай қызды шешіндіріп тастаған жерінен ұсталды
Атырау облысында құтқарушылар теңізде жоғалып кеткен балықшыны үш күннен кейін тапты (видео)
Итальяндықтар екі жасар бүлдіршінді ЭКСПО көрмесінде ұмытып кетті
Ерке Есмаханның әнін саппен жүріп айтқан сарбаздар жұртты ду күлдірді (видео)