Баланы саясатқа айналдырмаңдар: Белгілі журналист абайлық 7 жасар баланың ісіне қатысты былықтың шетін ашты
Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы абайлық 7 жасар баланың ісіне қатысты былықтың шетін ашты. Айтуынша, Аружан Саин бастаған топ балалар құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен Зағипа Балиеваны жеккөрінішті қылып, бұған дейін балаға қорғаушы болған Бауыржан Азановты қаралауда, деп жазады Stan.kz.
Бибігүл Дәулетбекқызы Instаgram желісіндегі парақшасында әу бастан Аружан Саинның әрекеттерінен күдіктенгенін жазды. Өз қанасынан шықпаған балаға жаны ашып қайтсін, дейді журналист.
«7 жасар баланың тағдыры – ойыншық болды барлығына. Әу баста осындай сценарийді құрып, Зағипа Балиева xанымды жеккөрінішті ету Аружан Саинға неге керек болды деп ойлаған едім. Сол «қайырымдылықты жасаушы» әйелге күдігім басым болғанын жазған да едім. Бүкіл мафиясымен енді қорғаушы Бауыржан Азановты жеп жатыр ма?! Тамаша! Жеңдер! Бала – сендердікі емес. Ол жәй әкесінің жылы сөзін, туған анасының аялы алақанын көрмеген, әжесінің қабағына қараған тастанды ғана. Өз қанасынан шықпаған балаға жаны ашып қайтсін, тәйірі?!» – деп жазды Бибігүл Дәулетбекқызы.
Сонымен қатар Дәулетбекқызы 7 жасар балаға қамқор болып, оның ісінің басы-қасында жүрген қорғаушы Бауыржан Азановты көпшілікке жеккөрінішті етіп көрсетпек болған топ туралы ашығын айтты.
«Зағипа xанымды осы Аружан бастаған топ айқайлатып, ойбайлатып, омбудсменнен жұлып алды. Жеті жасқа дейін тәрбиелеген әжесін итеріп тастап, анасына берді. Кезінде қайда болыпты анасы?! Неге ол жеті жасқа дейін тәрбиесіне алмай, енді келіп жаны аши қалғаны. Барлығын тауысып қайырымды жасаушылар ендігі қорғаушысын жексұрын етуде. Сол оқиға басталған кезде Шымкентке кім барып еді, ағайын?! Естеріңізде ме? Аружан ба?! Мен неге сол әйелді көрмедім? Азанов емес пе еді өз қаражатына Астана-Шымкент-Алматы-Астана-Шымкент-Алматыға ұшып жүрген. Ал, Аружан болса әсем қала Алматыда отырып, түрлі жазбалар жазып отырды емес пе? Енді барлығы дұрысталғанда қорғаушы жаман болып қалды ма?!
Рамазан айында бастама депті Азановқа бір ұятсымақ қорғаушы. Соған айтарым: бастасын! Бізге Ораза айында ақиқат керек. Біз шындықты естуіміз керек. Сендер орыстілді блоггерлер, Аружанның сөзіне сенсеңдер, мен балақайдың шын жанашыры болған Бауыржан Азановқа сенем! Сендердің артында үлкен алпауыт элита xанымдар мен мырзалар тұрса, Азановты жақтаушының артында мен секілді шыншыл журналист тұр. Ал, менің соңымда мыңдаған xалық бар. Саясатқа балақайды араластырмаңдар! Өз балаңды солай жұлмаласа көрер ем…
Қызық, айқай-шуды бастаған Аружан періште екен де, қалған кісілер құбыжық болды ғой. Менің жүз мыңдаған оқырманым күніге осы балақайды сұрайды. Ал бұлар болса балақайды саясатқа араластырып, ойыншыққа айналдыруда. Парадокс», – дейді Бибігүл Дәулетбекқызы.
Оқи отырыңыз:
Алматыда 5 жасар бала менингиттен қайтыс болды
Маңғыстау облысында 8 жасар баланы ұрлап кеткен күдікті қолға түсті
Қостанайда газ құбырының шұңқырынан 21 жастағы жігіттің денесі табылды
Қостанайда көпқабатты үйдің ауласында ер адамды пышақтап өлтірген күдікті ұсталды