Баланың мәйіті қорапта жатқан: Ақтөбеде жаңа туған сәбиін тастап кеткен ана табылды
Ақтөбеде жаңа туған сәбиін тастап кеткен ана табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

19 желтоқсан күні сағат 22:05-те Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз жәшікке салынған баланың мәйіті табылғаны туралы полицияға хабарланған.
-
Қызылордада қатып қалған каналдардың бірінен ер адамның мәйіті табылды
-
Суицид белгісі бар: Шығыс Қазақстанда ауылдардың бірінде әкесі мен ұлының мәйіті табылды
"Жедел-іздестіру шаралары барысында 29 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Жауап алу кезінде оның кәмелетке толмаған екі баласы бар екені анықталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 100-бабы "Анасы жаңа туған нәрестені өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағаны хабарланған болатын.
Еске салсақ, Ақтөбеде көпқабатты үйдің жанынан қорапқа салынған сәбидің мәйіті табылды.
Қазақстанда 2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар қалай өзгереді?