Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баланың құлағындағы құлаққап қуат көзіне қоспақшы болғанда жарылып кеткен

Қытайдың Ухань қаласында Sony маркалы құлаққап баланың құлағында жарылып кетті деп хабарлайды Stan.kz ақпаратт агенттігі. 

наушник

Баланың анасы құлаққапты 355 долларға (шамамен 150 мың теңге) сатып алған. Балақай құлаққапты қуаттамақшы болып, сымдарды ауыстырып алған, салдарынан құрылғы жарылып кетіпті. 

Әйел сатып алған дүкенге шағымданған, алайда сатушылар жарылыс құрылғыны дұрыс қуаттамағандықтан пайда болғанын алға тартқан. Бұған қоса, олар тиісті кеңестер құрылғының сыртындағы қорапта жазылғанын айтыпты. 



Еске салайық, бұған дейін Қытайда AirPods құлаққаптары ер азаматтың құлағында жарылып кеткені айтылған еді. 

STAN.KZ
Жексенбі, 28 Ақпан, 2021 12:10
Талқылау