Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баламен бірге өсетін киімдер шықты

Балалар тез өседі. Сондықтан ата-аналар балалардың киіміне көп ақша жұмсайды. Осыған байланысты дизайнерлер баламен бірге өсетін киім ойлап тапты.

ui-59b258cfaae6f8.81736633

Жас дизайнер Райан Ясин ені мен ұзындығына қарай созылатын мата ойлап тапты. Дизайнердің айтуынша, мата киімнің қалыбы мен тігісін сақтай отырып созылады.

Дизайнер осы мақсатта балаларға арналған кофта мен шалбар, комбинезондар, барлығы 500 киім үлгісін шығарды. Алдағы уақытта 6 айдан 3 жасқа дейінгі, 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға арналған киімдер шығаруды жоспарлап отыр.

ui-59b258c4bc2659.85440111

Мұндай маталар өте мықты келеді, су, жел, өткізбейді, кір машинасында жууға болады. Екінші рет өңдеуге де болады.

Дизайнер осы жобасы үшін өндірістік дизайн мен инженерлік жобасы аясында Джеймс Дайсон премиясымен, ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Баламен бірге өсетін киім ата-аналардың ақшасын үнемдеп қана қоймай, экологияны да таза ұстауға септігін тигізеді. 2016 жылдың өзінде қоқысқа 30 мың киім тасталған екен.

Тағы да оқыңыз:

Балаларға арналған жөргекқаптан құрт шықты (видео)

Шымкентте үстіне полиция киімін киген алты баланың анасы алаяқтықпен айналысқан

Компьютерлік пернетақта мен смартфондардағы таңбалар қалай өзгереді?

Талқылау