Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Баламды ақтамаймын": 15 жастағы оқушыны қағып өлтірген жүргізуші депутаттың ұлы болып шықты

Ақтөбеде оқушыны қағып өлтірген кісі депутаттың ұлы болып шықты. Облыстық мәслихат депутаты Бөріхан Беркімбаев ұлын ақтамайтынын, заң бойынша жазаланатынын мәлімдеді. Қазіргі уақытта жүргізуші тергеу изоляторында жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазонға" сілтеме жасап. 

Беркімбаевтың айтуынша, депутат мәртебесі ұлының жазасын ауырлатпаса, еш жеңілдетпейді. 

“Әрине, бұл қорқынышты трагедия, отбасы үшін орны толмас қаза", – деген депутат көлік рөлінде ұлының болғанын растады. Ол болған оқиғадан кейін қара жамылған отбасыға көңіл айтуға, кейін жаназаға барғанын айтты. 

"Барлық шараға шынайы ниетіммен қатыстым. Ұлымды ақтауға тырысқан жоқпын. Ол кінәлі және заң бойынша жауап береді. Мен ұлымды ақтамаймын, бірақ оқиғаның қалай болғанын айтқым келеді. Себебі әлеуметтік желіде түрлі ақпарат тарауда.

Сол кеште ұлым жаттығуға бара жатқан. Сау болатын, ешқандай есірткі қолданбаған, оны сараптама дәлелдеді. Ғаламторда жазып жатқандай, ешқандай жарыс та болмаған. Балам – байсалды азамат, жұмыс істейді, үш бала тәрбиелеп отыр. Көлігі ескілеу, қолдан алдық. Апаттан кейін ұлым ешқайда қашпады, бірден жедел жәрдем шақырған. Кінәсін де толық мойындады. Қайтыс болған баланың отбасын түсінемін, оның орнын ешкім толтыра алмайды. Тек бұлай болғанын ешкім қаламады дегім келеді. Мұндай жағдайдан ешкім сақтандырылмаған. Менің депутаттығым тергеуге әсер етпейді, керісінше баламның жағдайын ушықтырады. Мұндай жағдай ешкімнің басынан өтпесін", - деді Беркімбаев. 


"Қызымның аяғының жартысын аурухана кейін жеткізді": БҚО-да мас полицейдің қатысуымен болған жан түршігерлік жол апатының жаңа мәліметтері белгілі болды


Айта кетейік, 15 жастағы баланың өмірін қиған жол апаты 3 желтоқсан күні Ақтөбедегі Пацаев көшесінде болған. Land Cruiser Prado көлігінің рөлінде 32 жастағы жүргізуші отырған. 

Талқылау