Балаларын өлтірген ананың соңғы сөзі: ата-ана құқығымнан айырмаңдаршы
Алматы қаласының ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сотында егіздердің өліміне байланысты іс қаралып жатыр.Бұл туралы Sputnik Казахстан хабарлады.
Қылмысқа кінәлілер: 29 жастағы Өзбекстан азаматы Эмиль Гилмутдинов пен 34 жастағы Алла Волченко. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабының 2 бөлігінің 1, 3, 7 тармақтарының “Адам өлтіру” және 119 бабының “Қауіп келтіру” бойынша қылмыс жасағы үшін айыпталуда.
Алла Волченко соттан ата-ана құқығынан және қазір балалар үйіндегі үлкен ұлынан айырмауын сұрады.
Менің үлкен үлым Равиль ғана қалды. Мен 2 ұлымды жоғалттым. Мұндай жаман сезімді мен ғана сеземін және ешкімге бұл жамандықты тілемеймін. Мен балаларымды жақсы көрдім. Мен жұмыстан кейін балаларымның күлкісін естуге асығып келуді армандайтынмын. Өз-өзіме келе алар емеспін. Мен Эмильдің бұлай істерін білгенімде оған кедергі болар едім. Мен дер кезінде қозғалмағаным үшін кінәлімін. Сол үшін кешірім сұраймын. Барлығын білген кезімде күйеуімді полицияға баруға көндірдім, – деді егіз ұлының өліміне кінәлі ана.
Екі жақтың пікірсайысы кезінде мемлекеттік айыптаушы, Гильмутдиновті өмір бойына, оның әйелі Волченкоға 19 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Гильмутдинов сотта істеген қылмысы үшін өкініп, кінәсін мойындады.
Айта кетейік, қыркүйекте жалдамалы пәтердегі істен шыққан тоңазытқыштан 1 жасар егіз бала табылған еді. Кейін сотталған ер мен әйелдің көшеге тастап кеткен 2 жасар ұлы бар екені анықталды.
Олар бұл қылмысқа балалары жылай беріп, ұйқы бермегендіктен барғандарын айтты.
Тағы оқыңыз:
Алматыда қос сәбиді тоңазытқышқа тыққан қаскөй оларды жылап мазасын алғаны үшін өлтірген
Тоңазытқыштан табылған балалар оқиғасы: бір жасар егіздердің жазығы не?
Алматыда тоңазытқыштан табылған балалардың мәйітін қаңғыбастармен бірге көміп тастаған
Тоңазытқыштан табылған сәбилердің денесін Ташкенттен келген атасы алып кетті