Балалы бола алмаған 105 жастағы үнді әйелі ағаштардың анасы атанған (фото)
Саалумарада Тиммакка есімді әйел күйеуімен бірге Карнатака қаласында 25 жыл бойы тұрып, балалы болмаған. Содан соң ол ерекше қадамға барады. Ол жүздеген түп ағаш отырғызып, күйеуі екеуі оларды балалары секілді аялаған.
Жылдар бойы аялап баптаудың арқасында 300-дей тал бой көтеріп, айналаны ну орманға айналдырады. Бұл климаты тым ыстық болып табылатын аймақ үшін үлкен жетістік еді.
Әйелдің бұл жетістігі ел аузында тарап, үлкен марапаттаулар мен бағалауға ұйытқы болып, тіпті оның есімімен аталатын қор да ашылып, оған арналып өлең де жазылған.
Керемет аллеяны көруге сәт сайын әлемнің әр түкпірінен туристер келіп жатады. Туу туралы куәлігі жоқ екеніне қарамастан, ол өзінің 105 жасқа келгеніне сенімді.
Ол үшін ағаштарды күту оңайға түспеді. Бірнеше шақырым жердегі құдықтан су тасып, суғарды.
Жабайы құстар мен аңдар талқандап кетпес үшін, талдарды көз ілмей күзетіп шыққан түндерді де бастан өткерген екен.
Оқи отырыңыз:
Қытайда мектеп оқушылары сабаққа бару үшін күн сайын тауға өрмелеп шығады (фото)
Егер пластикалық операция жасатпаса Майкл Джексонның түрі қандай болушы еді? (фото)
Төреғалидің ішімдік ішіп отырған суреті көпшіліктің ашуын туғызды
“Мисс Қазақстан” байқауының қатысушылары: еліміздің ең сұлуы аруы атағына кім лайық (фото)