"Балалы болуға дайынмын": Айгүл Иманбаева екінші некесінен сәби сүйгісі келетінін жасырмады
47 жасында екінші рет тұрмысқа шыққан Айгүл Иманбаева сәби сүюге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/aigul_imanbayeva/
Өнер иесі “Мамский әңгіме” подкастында екінші рет тұрмысқа шыққанын айтып, балалы болуға дайындалып жүргенін жасырмады.
“Балалы болуға дайынмын. Биылғы жылдың жоспарында емес, Құдайдың жоспарындағы дүние. Бірақ менің маңдайыма бөпелі болуды жазса, мен дүниеге әкелуге дайынмын. Ер мен әйелге бөпе не үшін беріледі?! Біздің қазақта “Ойбай, қартайғанда туыпты” деген қазақтың құрып қалған сөзі бар. Біріншіден, қартайып тұрған түрім жоқ. Қазақтар ғана 35 жасында қартайып, 45 жасында өлімге дайындалады. Ол биологиялық өлшем емес. Мидағы ғана қалыптасқан түсінік. Шетелде көп жүрдік. Ол жақта 35 жасқа дейін жасөспірім болып есептеледі. 35пен 65 жастың арасы жас болып саналады. Олардың өмірі 40 жастан кейін басталады. Саяхаттап жүргендер де, сүйісіп отырғандар да, сол жастағы адамдар. Мен осы дүниені қазақтардан да көргім келеді. сол үшін де балалы болудан қашып отырған жоқпын. Сондықтан біз дайынбыз. Биылғы жылды балама, баламның киносына арнадық. Бұйыртса келесі жылы бөпелі болып, сүйіншілейтін күнге жетейік”, – деді әнші.
Сонымен қатар өнер иесі өзінің қандай ана болғанын айтып, бала тәрбиесіне қатысты ойын білдірді.
“21 жасымда тұрмысқа шығып, 21 жасымда балалы болып, 21 жасымда ажырасқан адаммын. Бір жылда басымнан бәрі өтті. Балама менің берген ең үлкен байлығым – еңбекқорлыққа тәрбиелгенім және кітапқа баулығаным. Адалдық пен адамдыққа тәрбиелегенім. Балам кітапты мүжіп тұрып оқиды. Сосын 6-сыныбынан бастап, үш ай демалысында шетелде ағылшындардың отбасында тұрды. Жыл сайын Малайзия, Венгрия, Лондонға жіберіп тұрдым. Одан кейін ұлымның азамат болып қалыптасуына кітап оқығанның септігі тиді. Біз жарысып тұрып оқитын едік. Ал енді оның бойындағы ибалылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, жөнімен сөйлеп, жолымен жүруді мамам үйретті. Күні-түні мамам қасында болды, тәрбиесімен сол кісі айналысты. Тек бір өкінішім бар, ол – ішімдегі махаббатты шексіз бере алмағаным. Мамам жалғыз, мен жалғыз, балам жалғыз болғандықтан ішімізден біреуімізге бас көтеруге тура келді. Сөйтіп өзім еркек, өзім әйел болып, сыртта көп жүрдім. Соның орнын толтыру үшін енді бала тусам, күні-түні қасында отырамын”, – деп күлді мәдениет қайраткері.
Еске салайық, Айгүл Иманбаева келініне қандай талап қойғанын жасырмағанын жазған едік.