Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаларды ұрып, шаштарынан тартқан: Павлодарда тәрбиеші жанжалдан кейін жұмыстан қуылды

Фото: pixabay.com

Павлодарда балаларды ұруға қатысты жанжалдан соң тәрбиеші жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде тараған видеода Павлодардағы №116 балабақшада тәрбиеші балалардың киімін жұлып алып, киімдерін ауыстырып жатқанын көруге болады. Ал келесі видеода әйел қызды шашынан ұстап, сілкілеп, итеріп жібергенін көруге болады. Екінші қыздың шашынан ұстап, арқасынан ұрған. Кейін орындықта отырған ұл балаға жақындап, бетінен бірнеше рет ұрады. 

Видео желіде тарап кеткен соң әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Балалар құқығын қорғау жөніндегі аймақтық уәкіл Сәуле Шакенова тәрбиешінің жұмыстан шығарылғанын жеткізді. 

"Қазіргі таңда тергеуге іліккен №116 балабақша тәрбиешісімен арадағы еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасымен бұзылды", – деп мәлімдеді ол. 

Назархан Уән
Сенбі, 26 Шілде, 2025 13:50
Талқылау