Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балаларды еденге лақтырып, ұрған": Өскемендегі балабақшадағы жағдайға қатысты жаңа деректер белгілі болды

Өскеменде балабақша тәрбиешісі баланы еденге лақтырып, содан кейін ұрғаны көрсетілген видео кадрлар қазақстандықтардың жағасын ұстатты. Балалардың ана-аналары тіптен есеңгіреп қалған. Олар балалары бар бейнежазбаларды қарай бастаған. Тәрбиеленушілердің үнемі қорлық көргені анықталды. Енді ата-аналар мекеме директорынан бастап, барлық қызметкерлерді жазалауға ниетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Ата-аналар балаларымен қалай қарым-қатынас жасайтынын көргенде, естерінен тана жаздаған, оның үстіне бұл жалғыз жағдай емес. Қорқынышты кадрлардан Алена Симонова ұлын таныған. Тәрбиеші алдымен баланы еденге лақтырып, содан кейін ұра бастаған. Әйел видеоны көргенде есеңгіреп қалған.

"Баламның басынан өткен жағдайдан шок болдым. Бұл видеодағы менің балам. Не істеуге болатынын білмедім, есеңгіреп қалдым, оның іс-әрекетін түсіне алмадым. Оны түсіну үшін қандай адам болу керек екенін, оны қандай сөздермен ақтауға және жұбатуға болатынын білмеймін", - деді балабақша тәрбиеленушісінің анасы Ален Симонова.

Аталған балабақшадағы "Еркетай" тобында екі-үш жастағы балалар болған. Ата-аналар істі анықтай бастағанда, балалар үнемі қорлық көретіні белгілі болды.

"Мұны ешкім күтпеген еді, мен аң-таң болдым және бейнені көріп, мен қызымды іздей бастадым", - деді балабақша тәрбиеленушісінің анасы Виктория Малышкина

Динара Абитаева да ұлы бар видеоны көрді. Бұл кадрларда тәрбиеші түскі ас кезінде алдымен баланың тәрелкесін алып, содан кейін қолын ұстап, күшпен тамақтандыра бастайды. Бала жылайды, бірақ оны жұбатуға тырыспайды.

"Мен кеше барып, бірнеше күнді қарадым. Олар менің баламмен де дөрекі қарым-қатынас жасады, мұның бәрін түсіріп алдым, сотқа жүгінемін және өтініш жазамын, өйткені балаларға бұлай қарауға болмайды", - деді  Динара Абитаева.



Шенеуніктер қатыгездік фактісін растады. Ата-аналардың шағымынан кейін бірден балабақшаға тексеру басталды. Директор мен тәрбиеші жұмыстан босатылып, кінәліге қатысты "кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндеттерін орындамау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Мұндай бап өте сирек қолданылады. Егер ол қолданылса, бұл фактке ерекше назар аударылғанын білдіреді. Біз бүгін барлық материалдарды білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі бақылау департаментіне бердік. Бірлесіп шешім қабылдаймыз", - деді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина.

Сондай-ақ, оқиғаға прокуратура да қызығушылық танытты. Барлық видеоларды зерттеп жатыр.

"Біз осы балабақшада ғана емес, сонымен қатар қаланың барлық балабақшаларында жағдайды зерттеу үшін жұмыс тобын құрамыз. Зерттеу білім беру уәкілетті өкілдерін, білім беру саласындағы сапа департаментін, құқық қорғау органдарын және жұртшылықтан адамдарды қоса отырып, басқаларды тарту арқылы жүзеге асырылады", - ШҚО прокурорының көмекшісі Лаура Түгелова

Психологтар ата-аналармен және балалармен жұмыс істейді. Егер кіші топ тәрбиешісінің кінәсі дәлелденсе, оған 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынады немесе 40 тәулікке дейін қамауға алынады. Бірақ аналар мен әкелер балабақшаның директорын, әдіскерін және медицина қызметкерін балаларға қатысты қатыгездікке көз жұмғаны үшін жазалауға ниетті.

 

Талқылау