Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балалар омбудсмені қатарластарына пышақ сұққан павлодарлық 6-сынып оқушысына араша түсті

Павлодар облысы бойынша балалар құқығы жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова кәмелетке толмаған екі оқушыны жаралаған жасөспірімге көмек керегін айтып, дабыл қақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Rupr.pvlshakeneva Instagram-парақшасы

Сәуле Шәкенова өзінің Instagram-дағы парақшасында баланың басқа мектептен ауысып келгенін, сондай-ақ жасөспірімнің пышақты сатып алғанын мойындағанын айтты.

“Кейбір ересектердің ойынша, 11 жасар бала қарапайым мектепте оқи алмайды, оқушы бола алмайды, қателесуге құқығы жоқ екен. Алайда жасөспірімнің үлгі болар, демеу болар әкесі жоқ. Ол қате жасау арқылы өзін іздеп жүрген бала. Жаңа ортаға сіңісіп кетудің амалын жасап жүр. Шалынып құлады. Оған ересектердің көмегі, түсіністік танытқаны керек. Оның орнына кеудесінен, қуып жатыр. Ол бар-жоғы 11 жаста”, – дейді балалар омбудсмені.



Ол жиын барысында бірде-бір ересектің балаға да, оны жалғыз асырап отырған анасына да көмек ұсынбағанын атап өтті.

“Бүгінгі ата-аналар жиналысы біздің қоғамдағы агрессия деңгейін, жарақат пен сабырсыздық деңгейін көрсетті”, – деп жазды Сәуле Шәкенова.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда 11 жастағы баланың құрдастарын пышақтағаны туралы жазған едік.

Талқылау