"Балалар қайталап жүрмесін": "Қалаулым" қатысушысы өзін-өзі өртеп жібере жаздады

Атышулы "Қалаулым" бағдарламасының қатысушысы Ақтөре Батырбек желіде қауіпті трюк жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол желіде от жағу арқылы қауіпті видео түсіріп, жеке парақшасына жүктеді. Желі жұлдызы жағармайды айналасына құйып от жаққан.
“Атың шықпаса жер өрте. Айтылып жатқан сөздің мағынасы бар екенін ұмытпайық, иә”, – деп жазды блогер.
-
Қазақстанда "пранк" жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
-
"Өлі адаммен" лифттегі пранк: Қазақстандық блогер желідегі видеосы үшін қамауға алынды
Желі қолданушылары бұл әрекетіне наразылықтарын білдіріп, айыппұл төлеу керегін жарыса жазып жатыр.
“Мынаны балалар қайталаса қайтесің?”, “Есі дұрыс адамның тірлігін жасашы”, “Жақсы дүние көрсетіп жатсың, балалар қайталап жанып кетсе не істейсің? Адам бірдеңе саларда сәл ойланса қайтеді”, “Үстіне су құйып алған”, “Жасы 40-тан асқан адамның істеп жүрген тірлігі”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Мақсат Толықбаев пранк жасап, контент түсіретіндерді жауапқа тартуды сұраған еді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді