Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балалар үйі басшылығы 14 жылдан кейін ата-анасына оралған қыздың тағдыры туралы айтып берді

Ақмола облысында орналасқан Ақкөл балалар үйі 14 жыл бойы перзентхана қызметкерлерінің қателігінен балалар үйінде тәрбиеленген қыздың өз отбасына оралуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

9889

Ақкөл балабақшасының әлеуметтік педагогы Әсима Құдайбергенованың айтуынша, Бақыт 2009 жылдан бері осы балабақшада екен.

“Бақыт бізге Щучинск балабақшасынан 2009 жылы ауысып келді. Ол Көкшетауда туған. Анасымен кездесемін дегенше ол Қарағандыдағы көзі нашар көретін балаларға арналған арнайы мектепте оқыды”, – дейді Әсима Құдайбергенова.

Осы жылдар ішінде оны асырап алғысы келген отбасылар көп болған. Бірақ, ешқайсысы үшін бұл мүмкін болмаған. Қазір Бақыт Еңбекшілдер ауданындағы ата-анасымен бірге тұрып жатыр. Балалар үйінің директоры Рауза Қанатованың айтуынша, қыздың отбасын іздеу жұмыстары бір жыл бұрын басталған.

“Біз ішкі істер және өкілетті органдармен жұмыс істеп, балалардың отбасылар іздестіреміз. Қазіргі таңда дереу анықтауға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар пайда болды”, – дейді ол.

Қызы туралы естіген анасы бірден оны алып кететінін айтқан. Ал қызды алып кетуге ата-анасы мен туыстары екі машина болып келген. Барлық құжаттары реттелгеннен кейін ата-анасы қыздарын алып кеткен.

Оқи отырыңыз:

Елімізде мемлекеттік қызметкерлер қай күні спорттық киім кие алады?

Ұлымен бірге подъездегі қоларбаны ұрлап кеткен әйел видеоға түсіп қалды

Кімге күлдік, Николас Кейджге ме, әлде қазаққа ма?

ІІД: Алматыда ұсталған элиталық жезөкшелер ЖОО студенттері болып шықты

Талқылау