Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балағаттап, бетінен бірнеше рет ұрған": Желіде әскери қызметкерлердің төбелесіп жатқаны түсірілген видео тарады

Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстанда әскери қызметкерлердің төбелесіп жатқаны түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Кадрлардан бір әскери адамның екіншісіне шабуыл жасап, балағат сөздер айтып, бетінен бірнеше рет ұрғанын көруге болады. Ал видеоны тағы бір әскери қызметкер түсіріп тұр. Бір уақытта ол күледі. 

Ұлттық ұлан "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы видеодағы 5518 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметкерлері екенін айтады. Видео 2023 жылдың күзінде түсірілген екен.



"Бұл факті бойынша 2024 жылы қызметтік тергеу жүргізілді. Кінәлілер қатаң, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада. 

Ұлттық ұлан "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын ресми және расталған ақпаратқа сенуге шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысында әскерилер студенттерді емтихан тапсырып жатқанда кіріп келіп, алып кеткені туралы жазған едік.

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 18 Маусым, 2025 17:16
Талқылау