Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лимузин жалдап, мейрамханада өткізген: Ақтауда балақайлардың балабақшамен қоштасу кеші дүркіреп өтті (видео)

Фото: видеодан кадр

Ақтауда жеке балабақшада қоштасу кеші дүркіреп өтті. Желіде алты жасар балаларды мейрамханаға ақ түсті лимузинмен әкелген сәт түсірілген видео тарады. Мейрамханада балдырғандарды скрипкашылардың орындауындағы музыкамен қарсы алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мейрамханадағы балабақшамен қоштасу кешіне ұлдар көгілдір түсті классикалық киім киіп барса, қыздар балға киетін көйлек киіп барған. Мейрамхана мерекелік стильде безендірілген. Мерекелік шарада балалар қоштасу вальсін билеп, сыйлыққа мерекелік жиынтық алған.

Мереке соңында бүлдіршіндер мантия киіп, файер-шоуды тамашалаған.

Видеоға пікір білдірген желі қолданушыларының бірі балабақшамен қоштасу кешіне ата-аналардан ешқандай шығын шықпағанын, барлық шығынды балабақша басшылары көтергенін жазған. 

"Тігінші – өздерінікі, лимузин – ата-ананікі, жүргізушісі де – ата-ана", “Ысырап жасауды қою керек, бір ата-ананың жағдайы жетеді, біреуінің жағдайы жетпейді”, “Құтырған заман, дарақылық пен ысырап”, “Біреулер тоңып секірсе, біреулер тойып секіреді”, “Балабақшаиен қоштасуы сол балабақша қабырғасында өту керек. Бұл ысырапшылдық”, – деп жазыпты желі қолданушысы.

Аида Тақабаева
Дүйсенбі, 26 Мамыр, 2025 17:14
Талқылау