Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бала босанған әйелдің бәрі армандайды": Жәния Джуринская омырауына пластикалық ота жасатты

Танымал актриса, блогер Жәния Джуринская дене бітімін өзгерткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Кино жұлдызы жеке парақшасында отадан кейінгі жағдайын бөлісті. 

“Мен маммопластика жасап, бөксемді үлкейттім. Ішімді тарттым. 8 жыл бұрын өзімнің дене бітіміме көңілім толатын. Бірақ ішім қоқысқа толы еді. Режим мен ішкі күйіміз баланста болу керек. Менің ота жасағаныма ешкім сенбей жатыр екен. Бірақ жағдайға шынайы қарағаныңызды қалаймын. Өзің барлығын өзгертсең де, ішкі сезімің қанағаттанбауы мүмкін. Сондықтан, ең алдымен, психикалық денсаулық, содан кейін эстетикаға барыңыз", – деп жазды актриса. 



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, актрисаның жанкештілігіне таңғалып жатыр. 

“Неге Бішкекте жасадыңыз. Елімізде де мықты хирургтар бар еді”, “Қырғызстанда медицина арзан”, “Мен де Антальяда жасаттым. Басында қатты қиналдым”, “Бала туған әйелдің бәрі армандайды”, “Табиғи сұлулығыңызға ештеңе жетпейді”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, танымал блогер күйеуі үшін төсін үлкейткенін мойындаған еді. 

 

Талқылау