Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бақыттысың ба?" деп сұраймын": Айжұлдыз Адайбекова баласын қалай тәрбиелеп жатқанын айтты

Танымал актриса, блогер Айжұлдыз Адайбекова бала тәрбиесіне қатысты кеңесін бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aizhuldyz_adaibekova/

Өнер иесі ұлы Назарды жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. 

“Ақылдым. Салиқалы ұрпақ, адал адам болып өсуіңді тілеймін. Сенен “Сабақтан “5” алдың ба деп сұрамаймын. Маған бәрібір. Сенен “бақыттысың ба?” деп сұраймын. Әлемге сөзің анық жететін жақсы адам болуыңа тілектеспін”, – деп жазды актриса. 



Сондай-ақ бала тәрбиесіне келгенде бірнеше қадам бойынша әрекет ететінін де айтып өтті. 

“Бірінші қадам – сенім. Екінші қадам – дұғада болу. Үшінші қадам – балаға жүктемеу. Төртінші қадам – еркіндік пен шектемеу. Баланы шектей бергеннен алдымен өзіңді тәрбиеле. Сенің триггерің – сенікі. Сылтау – көп, ақиқат – біреу”, – деп жазды желі жұлдызы. 

Еске салайық, Айжұлдыз Адайбекова мен Қыран Талапбек 2020 жылы шаңырақ көтеріп, араға көп уақыт салмай ажырасып кеткен еді. Бір жылдан кейін екі тарап келісімге келіп, татуласты. Ортақ некеден туған Назардың 1 жас тойында оған Адайбеков деп өз тегін берген еді.

Талқылау